Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевтің Бұрғылаушылар күнімен құттықтауы

18.11.2023

Құрметті мұнай-газ кешенінің қызметкерлері, әріптестер!

Биыл біз алғаш рет қарашаның үшінші сенбісінде Бұрғылаушылар күні кәсіби мерекесін атап өтіп отырмыз. Қазақстанның кәсіби мерекелер тізімінен заң жүзінде бұрғылаушылар күні ойып орын алды.

Қойнауы құтты еліміздің жерасты байлығын ашу, қайнар көзін табу – бұрғылаушылардың еңбегінің арқасында атқарылады. Тұңғиықты тірілтіп, жер бетіне шығатын байлықтың Отанымыздың қазынасына құйылуына жол ашатын Сіздерсіздер!

Мұнай-газ, мыс-шойын, көмір-су, алтын-болат болсын, барлық саланың жұмысына жан бітіретін жұмыс алдымен бұрғылаудан басталады. Қаншама қосалқы цехтар, кәсіпшіліктер бұрғылау саласының табысты еңбек етуіне жұдырықтай жұмылып отыр. Бұл мыңдаған адамның, кәсіби маманның маңдай тер еңбегінің жемісі. Осылайша бұрғылаушылар отандық экономиканың, өндірістік өркендеуіне зор үлес қосып келеді.

Мұнай-газ саласында қаншама ардагер аға буын табанды еңбек етті.  Бұрғылаушылар есімі тарихта мәңгі жазылып қалды.

Қазақ мұнайының  қара шаңырағы — Атырау. 1899 жылдың қарашасында Қарашүңгілде №7 ұңғымадан алғашқы мұнай атқылап, Қазақстанда «қара алтынның» алғаш өндірілуі болып тарих бетіне жазылды. Содан бері ғасырдан аса уақыт өтті. Мұнай елдің ырысы мен берекесіне айналды. Бұл ретте зерттеуші геологтар, барлаушы-бұрғылаушылардың еңбегі ұшан-теңіз.  Мұнай-газ ғылымы да алға дами түсті. Сонымен бірге техника-технология жетістіктері де қатар өркендеді. Геологтар мен бұрғылаушылар Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің негізін қалады.

Қазақ мұнайының тарихында даңқты бұрғылаушылардың қатарында Ембі өңірінен шыққан еңбек ерлері, барлау экспедицияларының қатысушылары — Сабырғали Зорбаев, Зинел Балгенжиев, Әбілғазы Махутов пен Ақаш Мұхамбаев, Өзен кенішін алғаш ашқандар — Рахым Серікбаев, Жауғашты Балабатыров, Жаңбырбай Жайлығараев, Болатбай Қарамұрзаев, Ғазиз Әбдіразақов, майталман мұнайшы Нәсіпқали Марабаев, Маңғыстау мұнайын игеруде қажырлы еңбек еткен Қойшыбай Үсенов және басқа да көптеген есімдерді құрметпен атап өткіміз келеді.

Мұнай-газ кешенінің кәсіби мерекелерінің қатарына Бұрғылаушылар күні мейрамының қосылғанына қуаныштымыз. Бұл – осы  мамандық иелерінің еңбектеріне көрсетілген құрмет деп білеміз. Сіздердің әрқайсыңыз қажырлы еңбектің үлгісін көрсетіп келесіздер.

Бүгінде бұрғылаушылар Каспий теңізінің ресурстарын игеруге және «ҚазМұнайГаздың» геологиялық барлау жобаларын іске асыруға ерекше үлес қосып келеді.

Бұрғылаушы кәсібі де уақытпен қатар дамуда. Бұл ретте техника-технология жетістіктерін игеру, терең ұңғымаларды бұрғылау, технологиялық сын-қатерлерге төтеп беру сынды талаптар мен жауапкершілік әрдайым басты міндет.

Сіздерді Бұрғылаушылар күні — кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, еңбекте табыс пен жарқын жетістіктер тілеймін. Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өркендеуі жолындағы табанды еңбектеріңіз, күш-жігерлеріңіз үшін алғыс айтамын!

Ізгі ниетпен,

Мағзұм Мырзағалиев,

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>