Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы М.Мырзағалиевтің Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай үндеуі

28.04.2023

Құрметті әріптестер!

Жыл сайын 28 сәуірде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні атап өтіледі. Биылғы жылдың тақырыбы – «Қауіпсіз және салауатты жұмыс ортасы – еңбек  саласындағы негізгі қағидат пен құқық».

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы үшін жұмыскерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігі басты орында. Компания – елдің мұнай-газ нарығының көшбасшысы және оның жетістігі жұмыскерлердің әл-ауқатына тікелей байланысты. Біз әрбір жұмыскердің ауысымнан кейін үйіне аман-сау оралуын қамтамасыз етуге ұмтыламыз.

«ҚазМұнайГаз» еңбекті қорғау мен денсаулық бойынша жоғары стандарттарды ұстанады. Біз жұмыскерлердің денсаулығын қорғау үшін барлық қажетті жағдайды жасаймыз.

Сіздер күнделікті көрсетіп жүрген жоғары тәртіп, еңбекқорлық, ынтымақтастық рухы үшін шексіз алғысымды білдіргім келеді. Ынта-жігерлеріңіз бен жоғары сапаға деген ұмтылыстарыңыз баршаға үлгі. Ортақ мақсатқа атсалысқандарыңыз үшін аса ризашылығымды білдіремін.

ҚазМұнайГаз салауатты жұмыс ортасының жарқын үлгісі болуы үшін жайлы әрі қауіпсіз жұмыс орындарын бірге қалыптастырайық.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>