Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз «Еңбекті қорғау күнін» ерекше атап өтті

30.04.2024

29 сәуірде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) корпоративтік орталығында «Еңбекті қорғау күні» күніне арналған ашық есік күні өтті. Шараға ҚМГ қызметкерлері балаларымен бірге және Астана қаласының №17 гимназиясының оқушылары қатысты. Бұл еңбек қауіпсіздігінің маңыздылығы туралы хабардарлықты кең аудиторияға таратуға көмектеседі.

Іс-шара ҚМГ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевтің жарақат алудың нөлдік деңгейіне жету мақсатында жұмыс орнында қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы туралы бейне үндеуімен ашылды.

Сонымен бірге, климат өзгерісінің еңбек жағдайларына әсер етуіне байланысты сұрақтар қозғалып, ҚМГ қоршаған ортаны қорғау басқармасы презентация жасады. Климат өзгерісінен туындаған экстремалды ауа райы жағдайлары қызметкерлердің денсаулығына төндіретінін қауіпі де талқылады.

«Медикер – өнеркәсіптік медицина» ЖШС мамандары алғашқы көмек көрсету және жүрек-өкпе реанимациясы бойынша мастер-класс өткізді. Процестерді цифрландыру аясында қызметкерлердің денсаулығын бақылау үшін қолданылатын ауысым алдындағы электронды медициналық тексеру жүйесі көрсетілді. Осындай алғашқы медициналық көмек көрсету және жүрек-өкпе реанимациясы бойынша мастер-класстар мен климат өзгерісінің еңбек жағдайына әсері туралы пікірталастар өзекті тақырып болды. Бұл қызметкерлерді жұмыс орнында туындайтын әртүрі жағдайларға дайындауға көмектеседі.

Сондай-ақ өрт және көлік қауіпсіздігі туралы бейнероликтер көрсетіліп, өрт пен жол-көлік оқиғаларына апарып соқтыратын жиі кездесетін тәртіп бұзушылықтар көрсетіліп, осындай оқиғалардың алдын алу бойынша шаралар талқыланды.

Қатысушылар, әсіресе балалар пікірталастарға, викториналарға белсенді қатысып, өз сұрақтарын қойып, ойларымен бөлісті. Іс-шара қатысушыларға жан-жақты пайдалы болды, балалар болашақта өздеріне қажет болуы мүмкін жаңа білім мен дағдыларды, сонымен қатар компанияның естелік сыйлықтарын алды. Іс-шара барлық мүдделі тараптар үшін қауіпсіздік сұрақтары бойынша білім беруді тартымды өткізуге көрнекті мысал болды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>