Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Қазақстан мұнайының бесігі: Ембі Доссорда заманауи музей-кітапхана кешенін салып берді

10.04.2026

Атырау облысы Мақат ауданының Доссор поселкесінде аумағы 700 шаршы метрді құрайтын заманауи музей-кітапхана кешені пайдалануға берілді. Жаңа ғимараттың ашылу салтанатына облыс әкімдігінің, «Ембімұнайгаз» (ЕМГ), «Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері, жергілікті тұрғындар және мұнайшылар қатысты.

Нысан доссорлықтардың бастамасымен ҚазМұнайГаздың еншілес ұйымы — Ембімұнайгаз компаниясы Samruk-Kazyna Trust қорының қатысуымен салды.

Кешен арнайы аймақтарға бөлінген. Кітапхана блогында компьютерлік техника орнатылған 50 орындық оқу залы және балалар бөлімі бар. Көру қабілеті шектеулі келушілер үшін Брайль жүйесімен жабдықталған кабинеттер қарастырылған. Кітап қоры – шамамен 30 мың дана.

Музейдің экспозициялық залы 4 500 астам экспонатты қамтиды және бірнеше тақырыптық бөлімге бөлінген: этнографиялық бұрыш, сондай-ақ мұнай-газ саласының және Атырау облысының даму тарихына арналған бөлімдер. Кешен заманауи стандарттарға, атап айтсақ, жарықтандыру, жылыту және желдету жүйелері соңғы үлгідегі инженерлік талаптарға толық сай келеді.

— Ембімұнайгаз бұл жоба арқылы тарихи-мәдени мұраны сақтауға және Мақат ауданы тұрғындарының дамуы мен демалысына қолайлы жағдай жасауға үлес қосып отыр. Әлеуметтік жауапты компания ретінде біз өндірістік құрылымдық бөлімшелеріміз орналасқан аудандарда жаңа нысандар салуға ерекше көңіл бөлеміз. Доссор – Қазақстан мұнайы бастау алған киелі өңір. Сондықтан жергілікті тұрғындардың бастамасын қолдағанымызға қуаныштымыз, — деді ЕМГ бас директоры Ринат Ізмұханбет.

Айта кетейік, өткен ғасырдың басында дәл осы Доссор кентінде Қазақстандағы алғашқы мұнай өндіру жұмыстары басталған. Бүгінде мұнда ЕМГ құрамындағы өндірістік бөлімшелердің бірі — «Доссормұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы өз қызметін жалғастырып келеді.

Жалпы, Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында ҚазМұнайГаз компаниялар тобы өңірлерде азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік маңызды жобаларды тұрақты негізде іске асырып келеді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>