Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

DIGITAL KMG: «ҚазМұнайГаз» тобының цифрландыру саласындағы мүмкіндіктері талқыланды

03.05.2023

Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ цифрлы даму департаментінің ұйымдастыруымен Digital KMG «Мұнай-газ саласын жаңа кезеңде цифрландыру» тақырыбында I практикалық форум өтті.

Форум миссиясы – компаниялар арасында цифрландыру саласында тәжірибе алмасу, цифрлы шешімдерді енгізу тәсілдерін талқылау, компаниялардың IT-өнімдерге қажеттіліктерін анықтау, цифрлы даму тұжырымдамасын қалыптастыру үшін алаң ұсыну.

Іс-шараға корпоративтік орталық пен мұнайды барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдаумен айналысатын ҚМГ еншілес компанияларының, сондай-ақ мұнай сервис кәсіпорындарының өндірісті автоматтандыру, ақпараттық технологиялар және цифрландыру департаменттерінің 100-ге жуық басшысы мен қызметкері қатысты.

«СИБУР» ЖШҚ, «Газпром нефть» ЖАҚ, «QazaqGaz» АҚ, «Каспий Нефть» АҚ, «BTS» ЖШС кәсіпорындарынан шақырылған сала сарапшылары өз компанияларындағы цифрлы даму тәжірибесін ортаға салды.

Форум барысында цифрлы трендтердің мұнай-газ саласына әсері, цифрландыру саласындағы қазіргі және жоспарланған жобалар, компаниялардың кешенді архитектурасы қарастырылды. Кездесу бағдарламасына дизайн-сана бойынша сессия кірді, онда ҚМГ-нің еншілес тәуелді ұйымдарын цифрландыру бойынша өзекті мәселелердің тізбесі дайындалды.

Форум мұнай-газ саласында цифрландыруды ілгерілетуге бағытталған болашақ іс-шаралардың тұтас кешеніне бастау берді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>