Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Жетібайдағы балаларға арналған жаңа кешендер

05.07.2024

Маңғыстау облысының Жетібай ауылында 2023 жылы бес балалар спорт кешені салынды. Олар екі түрлі бағыт бойынша жобаланған: бірінші типтегі алаңдарда жасанды жабыны бар футбол алаңдары, воркаут алаңдары және балаларға арналған ойын аймақтары болса, екінші типтегі кешендер баскетбол және волейбол ойындарына арналған алаңдар.

Жетібай ауылының кішкентай тұрғындары 2023 жылдың наурыз айынан бастап алғашқы ашық ойын алаңдарында ойнай бастады. Ата-аналар өз ауылдарының аумағында балалар алаңдарының салынатынын қуанышпен қабылдады, өйткені қазір жетібайлықтарға балаларды ойнатып және көңілін-күйін көтеру үшін шалғай қалаларға апарудың қажеті жоқ.

Қарақия ауданындағы Жетібай ауылы Ақтау қаласынан 75 шақырым жерде орналасқан. 1961 жылы жаңадан ашылған Жетібай кен орнында жұмыс істейтін мұнайшылар кенті ретінде құрылған. Ауылда 20 мыңға жуық адам тұрады.

Айта кетейік, 2023 жылы Жаңаөзен қаласында және оған іргелес Қызылсай, Теңге, Рахат ауылдарында да осыған ұқсас 16 балалар алаңы пайдалануға берілді. Бұл жобалар Маңғыстау облысының елді мекендерінің инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған.

Маңғыстау облысында 2022-2023 жылдар аралығында жоба аясында жалпы 21 балалар спорт алаңы пайдалануға берілді.

Жоба ҚазМұнайГаздың («Самұрық-Қазына Траст» қоры арқылы) демеушілік көрсетуімен жүзеге асырылды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>