Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Республика күніне орай ҚазМұнайГаз және оған қарасты ұйымдардың қызметкерлері марапатталды

24.10.2025

Ұлттық мереке қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) компаниялар тобының қызметкерлеріне мемлекеттік және ведомстволық наградалар салтанатты түрде тапсырылды.

ҚМГ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов әріптестерін Республика күнімен құттықтап, олардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып жатқан үлесін атап өтті.

— Республика күні — егемендігіміз бен мемлекеттіміздің символына айналды. ҚМГ компаниялар тобы қызметкерлері өздерінің қажырлы еңбегі мен табандылығы арқылы ел экономикасының дамуына елеулі үлес қосып келеді. Президентіміз 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Бұл мұнай-газ саласының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін біздің мамандардың беделін асыра түсті. Адал еңбектеріңіз үшін баршаңызға алғыс білдіремін, — деді А.Хасенов.

«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері:

Әубәкіров Темірхан Алмаханұлы, «Қазгермұнай» БК» ЖШС 6-дәрежелі электр және газбен дәнекерлеушісі;

Төлегенов Ишанбек Жұмашұлы, «Өзенмұнайгаз» АҚ №3 автотізбегінің 5-дәрежелі жүргізушісі;

Бейсембаев Абай Бақытжанұлы, «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының тасымалдау жөніндегі орынбасары;

Бекмағанбетов Қуаныш Жұмағалиұлы, «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары;

Күшжанов Нұржан Нұрперзентұлы, «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары.

Сонымен қатар ҚМГ мен еншілес кәсіпорындардың 25 қызметкеріне ҚР Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттары, «Үздік мұнайшы», «Үздік мұнай тасымалдаушы», «Үздік мұнай-газ өңдеуші»  төсбелгілері, сондай-ақ ҚМГ-ның естелік белгілері, құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табысталды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>