Президент атынан мұнай-газ саласының қызметкерлері мен ардагерлеріне мемлекеттік наградалар табысталды
03.09.2026
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да кәсіби мереке – мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне орай салтанатты іс-шара өтті.
Жиында ҚМГ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов өзінің құттықтау сөзінде атап өткендей, Мемлекет басшысы мұнай-газ секторына ерекше көңіл бөліп келеді. Саланы дамытуға елеулі үлес қосқан мұнайшы ардагерлер мен ҚМГ компаниялар тобының қызметкерлеріне берілген мемлекеттік наградалар – мұның айқын дәлелі.
— Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен табыс етілген мемлекеттік наградалар – бұл ұзақ жылғы еңбекке, жоғары кәсіби шеберлік пен жауапкершілікке көрсетілген құрмет. Өндірістік дәстүрдің негізін қалап, мол тәжірибесін кейінгі буынға аманат еткен ардагерлерге айрықша алғыс айтамын. Сіздер салған сара жолды бүгінгі мұнайшылар абыроймен жалғастырып, саланың өркендеуіне серпін беріп келеді. ҚМГ компаниялар тобының мыңдаған қызметкері күнделікті еңбегі арқылы еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға және әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосуда, — деді А.Хасенов.
«Құрмет» орденімен:
Қосанов Тарғын Сабырұлы — «Ембімұнайгаз» АҚ зейнеткері, «Мұнай-газ кешені ардагерлері» РҚБ мүшесі;
Құсаев Ханым Нұрғалиұлы — мұнай-газ саласының ардагері, «Мұнай-газ кешені ардагерлері» РҚБ сарапшысы;
Рысқалиев Қожабек Мақсотұлы – «Ембімұнайгаз» АҚ 5-разрядты слесарь-жөндеушісі;
Жолмағамбетов Бектұрған Ашықбайұлы – «Өзенмұнайгаз» АҚ 6-разрядты бақылау-өлшеу аспаптарының слесарі;
Нұрмағанбет Серік Құткелдіұлы – «ҚазТрансОйл» АҚ Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының желілік құбыршысы;
Амин Шапағат Кенжемағанбетұлы — «Қаражанбасмұнай» АҚ өндірістік басқарма директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары;
Қалбаев Мақсат – «ӨзенМұнайСервис» ЖШС 5-разрядты жүк тиегіш көліктің машинисі;
Өмірбаев Қамысбай Жайлыбайұлы —«Oil Services Company» ЖШС ұңғымаларды жерасты жөндеу жөніндегі операторы;
Жұмағазиев Ербол Тынышбайұлы — «Теңізшевройл» ЖШС бас менеджерінің өндіріс жөніндегі орынбасары;
Есіркепова Бақытгүл Жеңісханқызы — «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ басқарма төрағасының қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі орынбасары;
Өтеев Рахым Нағанғалиұлы — «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС бас директоры;
Құдабаев Шафкат Серікұлы — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары;
Жұмақанова Қарлығаш Абайқанқызы — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма хатшысы марапатталды.
III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденінің иегерлері:
Ержанғалиев Айтқали Елеубайұлы – «Ембімұнайгаз» АҚ 6-разрядты жүк тиегіш көліктің машинисі;
Көрпебаев Құдайберген Жарболұлы – «Өзенмұнайгаз» АҚ 5-разрядты слесарь-жөндеушісі;
Өтегенов Ермекбай Түркменбайұлы – «Өзенмұнайгаз» АҚ 5-разрядты автомобиль жүргізушісі;
Ұзақбай Бердіхан Жұбанұлы – «Қаражанбасмұнай» АҚ аға шебері;
Жаманбаев Оразғұл Бекешұлы – «Қаражанбасмұнай» АҚ 2-разрядты көмекші жұмысшысы;
Сатқанбаев Біржан Рахымжанұлы – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ ылғалсыздандыру және тұзсындандыру қондырғысының 5-разрядты операторы;
Дәуітов Дәурен Жарылғасынұлы – «Қазгермұнай» БК» ЖШС жетекші инженер-механигі;
Ермағамбетов Шабай Хуназбайұлы – «ӨзенМұнайСервис» ЖШС өндірістік қызмет көрсету базасының қазандық операторы;
Жолдыбаев Нурудулла Кемелбайұлы – «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ кен орнында өндіру технологиялары жөніндегі бөлім бастығы;
Қодаров Серік Асқарұлы — «Oil Services Company» ЖШС ұңғымаларды күрделі жөндеу бұрғышының көмекшісі.
«Ерен еңбегі үшін» медалі:
Башенов Бегендік Қалдырдыұлы — «Өзенмұнайгаз» АҚ 5-разрядты такелажшысы;
Рамазанов Сүйіндік — «Өзенмұнайгаз» АҚ мұнай-газ кәсіпшілігінің қызмет көрсету жөніндегі 6-разрядты агрегат машинисі;
Өтешов Ұшқанбай — «Қаражанбасмұнай» АҚ көлік құралдарын пайдалану бөлімнің бастығы;
Рахметова Аглес Дулатқызы — «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ ылғалсыздандыру және тұзсыздандыру қондырғысының 5-разрядты операторы;
Дәулетов Омар Сабырұлы — «ҚазТрансОйл» АҚ Атырау мұнай құбыры басқармасының желілік құбыршысы;
Қорғамбеков Аманкелді Тайжанұлы — «ҚазТрансОйл» АҚ Жезқазған мұнай құбыры басқармасының жүк тиегіш көліктің жүргізушісі;
Құдайбергенов Николай Киланович — «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС ауыр мұнай қалдықтарын өңдеу өндірісінің аға операциялық үйлестірушісі;
Адыров Серік Қуандықұлы — «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС монтаж учаскесінің шебері;
Нығманов Лесхан Тәжібайұлы – «ӨзенМұнайСервис» ЖШС 4-разрядты бұрғышы көмекшісі;
Жұманов Әділбек Нұрланұлы – «Oil Services Company» ЖШС ұңғымаларды күрделі жөндеу бұрғышысы;
Қуаншекенов Нұржан Ғайноллаұлы — «Oil Services Company» ЖШС ұңғымаларды жерасты жөндеу цехының бастығы;
Орынбасаров Карлен Орынбасарұлы – «Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі 5-разрядты электромонтері;
Хайретдинов Ренат Геннадьевич — «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС бас директорының экономика және корпоративтік басқару жөніндегі орынбасары;
Ходжаназаров Эль-Саид Хамидұлы — «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС мұнай-газ кен орындарын игеру жөніндегі басқарушы директоры;
Манкенов Қайрат Кемпірбайұлы — «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС барлау басқармасының сарапшысы;
Сиықов Наурыз Нұркеңесұлы — «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қабат қысымын ұстау цехының бастығы;
Қатебаева Майра Әбділқызы — «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ өндірістік зерттеу зертханасының 4-разрядты ұңғымаларды зерттеу операторы;
Тәжіманова Үкі Ізтұрғанқызы – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ 5-разрядты тауар операторы;
Аяпов Оразалы Елдешұлы — «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС механика, энергетика және метрология бөлімінің бас маманы;
Кинжеев Асылбек Борисович — «Қазақтүрікмұнай» ЖШС мұнай және газ өндіру жөніндегі шебері;
Құлназаров Ерназар Жалғасбайұлы — «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС жоба бойынша директоры;
Туешова Қалдыхан — «KMG EP Catering» ЖШС асхана наубайшысы;
Гуспанова Шолпан Айтекешқызы — «KMG EP Catering» ЖШС асхана аспазы;
Аблицова Лариса Валерьевна — «KMG Digital» ЖШС есепке алу жүйелері департаменті SAP басқармасының жетекші инженері;
Арысова Диана Айдарқызы — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары;
Мақашев Руслан Бексұлтанұлы — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры;
Бегімбетов Олжас Бауыржанұлы — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ геология және барлау департаментінің директоры;
Гросул Роман Владимирович — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өндірістік қатынастар басқармасының бастығына берілді.
Жалпы, ҚМГ компаниялар тобының 931 қызметкері мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды.