Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Премьер-министрдің кеңесшісі мұнай өнімдері нарығын басқару жөніндегі цифрлық жүйемен танысты

24.12.2025

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша Ермек Маржықпаев және Энергетика мен Қаржы министрліктерінің өкілдері «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның (ҚМГ) диспетчерлік-талдау орталығында болды.

ҚМГ мұнай өнімдері айналымы процестерінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған цифрлық шешімдерді ұсынды.

Ұлттық компанияның диспетчерлік орталығының талдау жүйесі өнімдерді шығару мен бөлуден бастап сатуға дейінгі процестердің мониторингін жүргізуге арналған. Осылайша нарықтағы жағдай талданады, бұл өз кезегінде шұғыл шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Бүгінде ҚМГ зауыттары мен «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның ақпараттық жүйелерімен интеграция жүргізілді. Бұл теміржол инфрақұрылымы арқылы мұнай өңдеу зауыттарынан бастап тұтынатын өңірлерге дейін мұнай өнімдерінің қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді.

Ендігі кезекте мұнай базасы мен жанармай құю станцияларындағы қорды мониторингтеу үшін ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен интеграция жасау жоспарлануда.  

Барлық жұмыс аяқталғаннан кейін жүйе мұнай өнімдерінің қалдықтарын, оның ішінде өндірістік көрсеткіштерді, импорт пен экспортқа қатысты мәліметтерді, сатылған өнім мен оның қоры туралы деректерді анықтайтын болады. Қазіргі жұмыс KMG.AIAN ЖИ-ассистентінің көмегімен жүргізілуде.

Іс-шара қорытындысы бойынша мұнай өнімдері айналымын одан әрі цифрландыруға бағытталған қажетті шаралар белгіленді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>