Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз Маңғыстау облысындағы мұғалімдерді дамыту жобасына қолдау көрсетті

17.11.2025

«Daryn Joly» қайырымдылық жобасы Жаңаөзендегі педагогтердің біліктілігін және кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған. Биыл қазан айынан бастап 176 мұғалім сегіз пән бойынша оқудан өтіп жатыр. Әр пәннен 22 ұстаз таңдалды.

Жоба осы оқу жылы бойы жалғасып, офлайн мен онлайн форматтарында өтеді. Іс-шара аясында мұғалімдер кәсіби және әдістемелік дағдыларын жетілдіріп, тәжірибе алмасуға және өз мектептеріндегі оқу үдерісіне жаңа тәсілдерді енгізуге мүмкіндік алады.

Бағдарлама заманауи педагогикалық әдістерді, цифрлық технологияларды қолдану және инновациялық оқыту тәсілдерін қамтиды. Педагогтерді оқытуға халықаралық сертификаттары бар мамандар тартылды.

Сонымен қатар жобаға «Отпан» бастамасы бойынша іріктелген үш тірек мектеп те кірді. Бұл білім ордалары кәсіби даму мен тәжірибе алмасу алаңына айналады.

Жоба «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ және Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қолдауымен «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қорымен серіктесе отырып, жүзеге асырылуда.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>