Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Республика күні қарсаңында ҚазМұнайГаз және оған қарасты кәсіпорындардың қызметкерлері марапатталды

24.10.2024

Бүгін Астанада ұлттық мереке қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының қызметкерлеріне мемлекеттік және ведомстволық наградалар салтанатты түрде табысталды.

ҚМГ басшысы Асхат Хасенов әріптестерін мерекемен құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

«Бұл тәуелсіз еліміздің тұрақтылығын және халқымыздың бірлігін бейнелейтін айтулы күн. ҚазМұнайГаз және оның еншілес компанияларының қызметкерлері ел экономикасының дамуына зор үлес қосып келеді. Сіздердің кәсіби біліктілікпен, табандылықпен және жоғары жауапкершілікпен атқарып жатқан еңбектеріңіздің арқасында мұнай-газ саласында жоғары нәтижелерге қол жеткіздік», — деп атап өтті «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы.

Мұнай-газ саласын дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін «Құрмет» орденімен «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның мұнай және газ өндіру операторы Бисалиев Ниетқали Багитұлы марапатталды. 

«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері:

Сағиев Қалымжан  Құздыбайұлы, «Маңғыстамұнайгаз» АҚ-ға қарасты «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасы №2 мұнай және газ өндіру цехының 5-дәрежелі мұнай және газ өндіру жөніндегі операторы;

Кенжебаев Қайыржан Каленұлы, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС Әлібекмола кен орнының мұнай және газ өндіру цехының инженер-технологы;

Әбдіров Темірхан Қайырбекұлы, «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары. 

Сондай-ақ, ҚМГ мен еншілес кәсіпорындардың қызметкерлеріне «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «KAZENERGY» қауымдастығының ведомстволық наградалары, құрмет грамоталары, естелік белгілері мен алғыс хаттары табысталды.

Жалпы, республика күні қарсаңында ҚМГ компаниялар тобының 238 қызметкері түрлі марапатқа ие болды.

Мемлекеттік наградалар:

Парасат ордені — 1 адам

«Құрмет» ордені — 1 адам

«Ерен еңбегі үшін» медалі — 5 адам

«Самұрық-Қазына» наградалары — 37 адам 

«KAZENERGY» наградалары — 8 адам

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ наградалары — 186 адам.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>