Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Шымкент МӨЗ-інің өндірістік қуатын арттыру жобасын қолдауға арналған Жол картасына қол қойылды

29.11.2023

Шымкент қаласында Шымкент мұнай өңдеу зауытының («ПКОП» ЖШС) өндірістік қуатын жылына 12 млн тоннаға дейін арттыру жобасы бойынша бастапқы мәселелерді шешуге арналған Жол картасына қол қойылды.

29 қарашада «ПҚОП» ЖШС президенті Ерболат Қожабаев пен Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа жобаның өндірістік-технологиялық қажеттіліктері үшін жер учаскелерін бөлу және сумен үздіксіз қамтамасыз ету жөніндегі Жол картасына қол қойды. Сондай-ақ қол қою рәсіміне Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов қатысты. Ол қала әкімімен бірге зауыттың өндірістік қызметімен және кәсіпорынның қуатын арттыру бойынша алдағы жоспарларымен танысып қайтты.

Кәсіпорынның басшылық құрамының қатысуымен өткен кездесуде әкім мен вице-министр «ПҚОП зауытының өндірістік қуатын арттыру» жобасын жүзеге асыруда бастапқыда туындайтын мәселелерді шешуге қолдау білдірудің маңызын атап өтті.   

Жиын соңында қала әкімі жергілікті атқарушы органдарға Жол картасында көрсетілген бірінші кезектегі мәселелерді шешуге барынша қолдау білдіруді тапсырды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>