ҚМГ мен Каспий құбыр желісі консорциумы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады
18.03.2025
Бүгін Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Каспий құбыр желісі консорциумының (КҚК) бас директоры Николай Горбаньмен кездесті.
Тараптар КҚК аясындағы өзара іс-қимылдың түрлі мәселелерін қарап, 2024 жылғы қызметті қорытындылады және КҚК жүйесін жүктеуге қатысты перспективті жоспарларды талқылады.
2024 жылдың қорытындысы бойынша Каспий құбыр желісі консорциумы арқылы 63,1 млн тонна мұнай, соның ішінде Қазақстан мұнайының 55,7 млн тоннасы жөнелтілді.
Бұдан басқа, Каспий құбыр желісі консорциумының бас директоры ҚМГ басшысына Кропоткинская мұнай айдау станциясында жүріп жатқан жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының жай-күйі туралы ақпарат берді. Жұмыстарды тезірек аяқтау және болашақта мұнай құбырын қауіпсіз пайдалану үшін барлық қажетті шаралар жасалып жатқанын атап өтті.