Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ мен COSL мұнай сервисіндегі ынтымақтастықты нығайтуда

14.04.2026

Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «China Oilfield Services Limited» компаниясының (COSL – China National Offshore Oil Corporation (CNOOC) еншілес ұйымы) бас атқарушы директоры Чжао Шуньцянмен кездесті.

Тараптар мұнай сервисі қызметтерін көрсету, ғылым мен технология және кадр әлеуетін дамыту салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, қазіргі уақытта «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС мен COSL компаниясы кен орындарды игеруге, ұңғымаларды бұрғылау мен күрделі жөндеу жүргізуге жаңа технологияларды енгізу бойынша бірлескен жұмысты бастады.

Сондай-ақ ҚМГ тобының мамандарын Қытай компаниясының өндірістік нысандарында оқытуды ұйымдастыру жоспарлануда.

А.Хасеновтің айтуынша, CNOOC ҚазМұнайГаз үшін геологиялық барлау саласындағы негізгі серіктестердің бірі. Ал COSL-мен екіжақты байланысты кеңейту бағытында ҚХР серіктестерінің қолдауымен қазақстандық мұнай сервисі компаниялардың құзыреттерін дамыту мәселесі қарастырылып отыр. 

Кездесу соңында ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы — «KMG Drilling & Services» және COSL арасында ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімге қол қойылды. Құжат Қазақстан аумағында бұрғылау және сервис қызметтері саласындағы байланыстарды нығайтуды көздейді. Келісімде бұрғылау, ұңғыма сервистері, жобаларға бірлесіп қатысу, сондай-ақ технологиялар трансфері және жергілікті қамтуды дамыту сияқты ынтымақтастықтың басты бағыттары айқындалған.

Анықтама: 
China Oilfield Services Limited (COSL) 2001 жылы құрылған. China National Offshore Oil Corporation (CNOOC) тобына кіретін ірі халықаралық мұнай сервисі компанияларының бірі.

COSL мұнай қызметтерінің толық спектрін ұсынады, соның ішінде бұрғылау, геофизикалық зерттеулер және сейсмикалық барлау, бұрғылау ерітінділері мен цементтеу, өндіру деңгейін күшейту, сондай-ақ интеграцияланған қызмет көрсету және инженерлік шешімдер.

Компания ірі мұнай-газ корпорациялары үшін интеграцияланған қызмет көрсететін мердігер ұйым ретінде жұмыс істеп, Азия, Таяу Шығыс, Африка және Еуропа елдерінде жобаларды жүзеге асыру арқылы халықаралық байланыстарын нығайтып келеді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>