ҚазМұнайГаздың делегациясы Дубайда өткен климаттың өзгеруі бойынша COP28 конференциясына қатысты
03.12.2023
Биыл СОР 28 Дубай қаласында (Біріккен Араб Әмірліктері) өткізілуде, ол 2030 жылға дейін шешілу қажеті бар Париж келісіміндегі олқылықтарды жаһандық түгендеу және толтыру мәселелеріне арналған.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы М.Мырзағалиев, ҚМГ-дың мұнай-газ саласын декарбонизациялау жөніндегі Хартияға қосылуына байланысты климаттық іс-қимыл жөніндегі дүниежүзілік саммиттің (The World Climate Action Summit) СОР28 энергетикалық сессиясына қатысты.
Хартияның мақсаты мұнай-газ компанияларын парниктік газдардың тікелей және жанама шығарындыларын азайту амбициясын қолдау арқылы декарбонизация жұмыстарына қосылуға ынталандыру. Әлемдік мұнай-газ компаниялары бұл Бастаманы қолдап отыр.
Мұнай-газ компаниялары жаңартылатын энергия көздері, төмен көміртекті отын, көміртекті ұстау және сақтау (CCUS), төмен шығарынды сутегі және парниктік газдар шығарындыларын азайтудың басқа да технологияларымен бірге болашақтың энергетикалық жүйелеріне инвестиция салу арқылы энергияның ауысуын жеделдетуде маңызды рөл атқаруы керек.
Сондай-ақ, СОР 28 конференциясы аясында ҚазМұнайГаз UNEP-пен (БҰҰ-ның Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы) өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Осылайша, тұрақты даму және климаттың өзгеруіне қарсы күрес саясатын ұстанушы, сондай-ақ атмосфераға метан шығарындыларын азайтудың маңыздылығын түсіне отырып, ҚазМұнайГаз UNEP және IMEO ұйымдастырған OGMP 2.0 Серіктестігіне COP 28 өрістеріне қосылған алғашқы Қазақстандық ұлттық компания болып отыр.
Бастамаға метан шығарындылары бойынша есеп бере бастайтын және болашақта метан шығарындыларын азайту бойынша мақсат қоюға дайын кез келген компания қосыла алады. Бастамаға бүкіл әлем бойынша 80-нен астам компания қосылды, соның ішінде Total Energies, Shell, Eni, Exxon, BP, Equinor және т.б. бар
OGMP 2.0 бастамасына қосылу компания үшін метанның ағуын басқару мен азайту менеджменті қалыптасқан халықаралық компаниялармен тәжірибе алмасу, метан шығарындыларын есептеу мәселелерінде әдіснамалық көмек, метанның ағуын азайту бойынша техникалық шешімдерді таңдау, инвесторлар үшін компанияның рейтингін арттыру, оның ішінде халықаралық Климаттық CDP сауалнамаларын тапсыру мүмкіндіктерін береді.
Бұдан басқа СОР 28 алаңында ҚазМұнайГаз метан шығарындыларының салдарын азайту мақсатында USAID қаржыландыратын «Орталық Азия энергетикасы» жобасын іске асыратын Tetra Tech ES, Inc корпорациясымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Меморандумға сәйкес, USAID «Орталық Азия энергетикасы» мен ҚазМұнайГаз жобасы метан шығарындыларын азайту мәселелерін шешу жолында күш біріктіреді.
USAID «Орталық Азия энергетикасы» жобасы Орталық Азияның бес елінің - Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның энергетика секторы арқылы экономикалық басымдықтарға қол жеткізуге көмектесетін 5-жылдық өңірлік энергетикалық бағдарлама болып табылады.
USAID ҚазМұнайГазға метан шығарындыларын бағалау мен азайтуға, экологиялық тұрақтылықты арттыруға және Ұлттық Климаттық жоспар шеңберінде 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге де жәрдемдеседі.
ҚМГ делегациясы халықаралық компаниялар және ұйымдармен төмен көміртекті дамытудағы ынтымақтастық мәселелерді талқылау бойынша екі жақты кездесулер де өткізді.
Анықтамалық ақпарат:
COP (Conference of the Parties) — 1995 жылдан бері БҰҰ өткізетін климаттық саммит. 2023 жылы ол (COP) Дубайда 30 қараша мен 12 желтоқсан аралығында өтеді. Өткен жылғы саммит — COP27 — 2022 жылы Шарм-эль-Шейхте (Египет) өтті.
OGMP 2.0 — метан шығарындылары туралы есеп беру стандарты. Бүгінгі таңда бұл мұнай-газ операциялары нәтижесінде метан шығарындыларын жүйелі басқару хаттамасын ұсынатын мұнай-газ секторындағы метан шығарындылары туралы есептіліктің ең толық жүйесі.
IMEO (International Methane Observatory) — атмосфераға метан шығарындыларын азайтуды ынталандыруға арналған БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының метан шығарындыларын бақылау жөніндегі халықаралық обсерваториясы (IMEO).
UNEP — БҰҰ-ның Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы, БҰҰ Бас Ассамблеясының 1972 жылғы 15 желтоқсандағы № 2997 қарары негізінде құрылған. ЮНЕП-тің негізгі мақсаты — қазіргі және болашақ ұрпақтың игілігі үшін қоршаған ортаны қорғауға және жақсартуға бағытталған шараларды ұйымдастыру және жүргізу.
CDP (Carbon Disclosure Project) — 2002 жылдан бастап инвесторлар атынан көміртегі шығарындылары мен климаттың өзгеруі туралы ақпарат жинауға арналған тәуелсіз коммерциялық емес ұйым.
2021 жылы ҚМГ-ның 2031 жылға дейінгі төмен көміртекті даму Бағдарламасы қабылданды және жаңартылатын энергия көздерін дамыту, энергия тиімділігін арттыру және декарбонизациялау жөніндегі басқа да шаралар жолымен парниктік газдарды 2019 жылғы деңгейден 15% - ға қысқарту бойынша міндеттемелер алынды.