Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз бен CNPC бірлескен жобалардың іске асырылу барысын қарастырды

22.10.2026

Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов пен Қытайдың China National Petroleum Corporation (CNPC) мұнай-газ корпорациясының президенті Чжоу Синьхуаймен кездесті.

Тараптар көмірсутекті өндіру, өңдеу және тасымалдау салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ геологиялық барлау бағытындағы серіктестікті кеңейту мүмкіндіктерін талқылады. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының қолданыстағы мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту, өндірістік қуаттарды барынша тиімді пайдалану және жаңа газ кен орындарын игеруді жеделдету жөніндегі тапсырмалары аясында жүзеге асырылып жатқан бірлескен жобалардың орындалу барысы қаралды.

Жанармайға сұраныс тұрақты өсіп отырған жағдайда Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуатын 2030 жылға қарай 6 млн тоннадан 12 млн тоннаға дейін арттыру жобасы елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызға ие. Қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу аяқталуға жақын. Сонымен қатар FEED/жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау кезеңіне өту бойынша тиісті рәсімдер жүргізілуде. ҚМГ басшысы жобаның барлық жоспарланған кезеңдерін уақытылы іске асыру қажеттігін атап өтті.

Кездесу барысында Қазақстан – Қытай мұнай құбырларының өткізу қабілетін арттыру мәселесі де қозғалды. Шымкент мұнай өңдеу зауытының жаңғыртылуын ескере отырып, оны шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында Кеңқияқ – Атырау мұнай құбырының өткізу қабілетін жылына 15 млн тоннаға, ал Кеңқияқ – Құмкөл құбырының қуатын 20 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. ҚМГ мен CNPC аталған мұнай құбырларын кеңейтуге арналған жобалық құжаттаманы әзірлеу жөнінде шешім қабылдады.

Ақтөбе облысындағы «Өріктау» жобасы аясында бірінші кезеңде, яғни биыл жыл соңына дейін шикі газдың өнімділік деңгейін жылына 200 млн текше метрге дейін жеткізу көзделіп отыр. Бұған қоса жобаның екінші кезеңі іске асырылып жатыр. Оны 2027 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Жоба толық қуатына шыққан кезде жыл сайын 1 млрд м³ дейін газ өндіріледі. Бұған дейін хабарланғандай, кен орнында өндірілетін шикі газ Жаңажол мұнай-газ өңдеу кешенінде өңделеді. Бұл кешеннің операторы – «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» АҚ. Орталық Өріктау кен орнының газ конденсатты бөлігінің қор көлемі 29 млрд м³ құрайды.

Бұдан бөлек, Қызылорда облысындағы игеріліп жатқан кен орындарының табиғи сарқылуы жағдайында «Қазгермұнай» (ҚГМ) және «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» (ПҚҚР) компанияларының ресурстық базасын толықтыру және тұрақты жұмысын қамтамасыз ету шаралары талқыланды. ҚМГ бұған дейін ҚГМ мен ПҚҚР активтерінде барлау және қосымша барлау бойынша кешенді бағалау жүргізген болатын. Соның нәтижелерін ескере отырып, жаңа перспективті жер қойнауы учаскелерін игеруге тарту арқылы геологиялық зерттеулерді жандандыру қажет.

Сондай-ақ тараптар «ПетроҚазақстан» компаниялар тобының кен орындарынан ҚГМ-ның өңдеу қуаттарына жылына 100 млн м³ дейінгі көлемде шикі газ жеткізу мүмкіндіктерін қарастырды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>