Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ мен CNOOC ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады

02.09.2026

Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов China National Offshore Oil Corporation (CNOOC) Директорлар кеңесінің басшысы Чуаньцзян Чжанмен кездесті.

Екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен жоспарлары талқыланды. Атап айтқанда, Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінің транзит аймағында орналасқан «Жылыой» бірлескен геологиялық барлау жобасының іске асу барысы қаралды. Қазіргі кезде жоба аясында оператор қызметін атқаратын компания — «Жылыой Оперейтинг» ЖШС құрылды.

Сонымен қатар 400 бойлық шақырымның 2D тарихи сейсмикалық деректерді қайта өңдеу мен қайта интерпретациялау жұмыстары жүріп жатыр. 400 шаршы км көлемінде 3D далалық сейсмикалық барлау жұмыстарын бастау үшін дайындық іс-шаралары аяқталуда. 3D сейсмикалық барлау деректері өңделіп, интерпретациялау жасалғаннан кейін бірінші іздеу ұңғымасын бұрғылау үшін орын анықталады.

Бұған дейін хабарланғандай, жоба тепе-тең талаптармен (50/50) жүзеге асырылуда, бұл ретте барлау кезеңін қытайлық компания қаржыландырады.

— Біз ортақ жұмыс нәтижелерін жоғары бағалаймыз. CNOOC Қазақстандағы «Жылыой» геологиялық барлау жобасына инвестиция салған алғашқы компания. Қытай Халық Республикасының әріптестерімен өзара тиімді ынтымақтастығымызды одан әрі кеңейтеміз деп сенемін, — деді А.Хасенов.

Бұдан бөлек, CNOOC компаниясының ҚМГ-ның басқа да геологиялық барлау жобаларына қатысу перспективалары қарастырылды.

Кездесуде сондай-ақ мұнай сервисі бойынша өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Қазіргі уақытта Ынтымақтастық туралы келісім аясында еншілес компаниялар — «KMG Drilling & Services» мен «China Oilfield Services Limited» (COSL) ұңғымаларды бұрғылау, оларға қызмет көрсету, жаңа технологияларды енгізу, жергілікті қамтуды дамыту және кадрларды даярлау саласындағы байланыстарды нығайтуда.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>