Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз бен CITIC Ақтау битум зауытының қуатын арттыруға келісті

17.10.2023

Ақтау битум зауытының акционерлері «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) және CITIC кәсіпорынның өңдеу қуатын жылына 1 млн-нан 1,5 млн тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Тараптар бұл келісімді растап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға ресми сапары барысында Өзара түсіністік туралы келісімге қол қойды.

17 қазанда Бейжіңде Қазақстан Президентінің қатысуымен ҚМГ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев пен CITIC Resources Holdings Limited Басқарма Төрағасы және бас атқарушы директоры Хао Вейбо аталған құжатқа қол қойды.

Келісім Ақтау битум зауытының («CASPI BITUM» БК» ЖШС) мұнай өңдеу қуатын жылына 1 млн-нан 1,5 млн тоннаға дейін арттыру жөніндегі жобаны іске асыруға бағытталған. Бұл кәсіпорындағы жол битумын өндіру көлемін қазіргі 500 мың тоннадан жылына 750 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұған зауыттағы шикі мұнайды бастапқы өңдеу қондырғысын (ЭЛОУ-АВТ) жаңғырту арқылы қол жеткізу жоспарлануда. Жобаны іске асыру мерзімі — 2023-2024 жылдар аралығы.

«CITIC корпорациясымен ынтымақтастыққа көңіліміз толады, одан әрі өзара тиімді байланыстың жаңа бағыттарын қарастырып жатырмыз. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та бұл серіктестікті құптап, мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетеді», — деп атап өтті М.Мырзағалиев.

Анықтама:

«CASPI BITUM» БК» ЖШС үлескерлері: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – 50,0%, «CITIC Kazakhstan» ЖШС компаниясы – 50,0%. Кәсіпорын Ақтауда орналасқан. Шикізат ретінде «Қаражанбас» АҚ  мұнайын қолданады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>