Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ мен CITIC Construction Қарашығанақ газ өңдеу зауытын салу жобасын талқылады

26.01.2026

Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «CITIC Construction Co., Ltd.» Директорлар кеңесінің төрағасы Ян Цзяньцянмен кездесті.

Тараптар Қарашығанақ газ өңдеу зауытын салу жобасын іске асыру барысын талқылады. 2025 жылдың соңында компаниялар бұл жоба бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған болатын. Құжат жобаның құнын бағалауды, жабдықтар жиынтығын және ынтымақтастық бағыттарын айқындайды. Жобалық құжаттаманы әзірлеу кезеңіне көшу (FEED), оңтайлы техникалық және ұйымдастырушылық шешімдерді іздеу үшін алдағы іс-шараларға қатысты уағдаластыққа қол жеткізілді. 

Қазіргі уақытта ҚМГ және CITIC Construction мамандары газ өңдеу зауытын салудың ерте құрылыс жұмыстарын жан-жақты пысықтауда. ҚМГ басшысы жобаны іске асырудың басты талаптарын дайындау аясында белгіленген мерзімді сақтаудың маңызын атап өтті.  

Сонымен қатар кездесуде CITIC Construction компаниясының еліміздегі басқа да газ жобаларына қатысу мүмкіндігі қаралды.  

— ҚазМұнайГаз Қытай компанияларымен өзара тиімді байланыстарды нығайтуға ерекше мән береді. CITIC тобы ірі жобаларды іске асыруда мол тәжірибесі бар ҚМГ-ның ұзақ жылғы стратегиялық серіктесі екенін ескере отырып, біз барлық негізгі бағыт бойынша ұзақ мерзімді ынтымақтастықты кеңейтуге ниеттіміз, — деді А.Хасенов.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>