ҚМГ мен CITI өзара ынтымақтастық әлеуетін талқылады
21.10.2026
Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «CITI» банктің Таяу Шығыс және Африкадағы бизнес жетекшісі Карим Таннирмен кездесті.
Кездесуде ҚМГ мен CITI арасындағы инвестиция тарту, қазынашылық және банк қызметтерін көрсету салаларындағы 15 жылдық табысты ынтымақтастық тәжірибесі ескеріле отырып, екіжақты серіктестікті нығайту перспективалары қаралды. Халықаралық капитал нарықтарына шығу, соның ішінде Қытай нарығындағы қатысуын кеңейту - ұлттық компания үшін маңызды басымдық. Осы бағытта CITI ҚМГ-ның Dim Sum форматындағы облигацияларын шығаруды ұйымдастыруға қатысты.
Тараптар серіктестікті одан әрі дамытуға және бірлескен жаңа жобаларды іске асыруға дайын екендерін жеткізді.
Анықтама:
«CITI» банкі — 1812 жылы Нью-Йорк қаласында құрылған ірі халықаралық қаржы институты. Бүгінде ол қаржылық қызметтер көрсету саласындағы халықаралық корпорация — Citigroup құрамына кіреді. Қазіргі кезде банк әлемнің 100-ге жуық елінде жұмыс жасайды.