ҚМГ мен Chevron екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен жоспарларын қарастырды
01.07.2026
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Астана қаласында Chevron корпорациясының upstream жөніндегі президенті Клэй Неффпен кездесті.
Тараптар ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша өзара іс-қимылдың қазіргі жай-күйін, соның ішінде «Теңізшевройл» ЖШС-нің тұрақты операциялық қызметі мен өндірістік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағыттарына баса назар аудара отырып, Теңіз кен орнын одан әрі игеру жоспарларын талқылады.
Сонымен қатар ҚМГ мен Chevron геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды. Бүгінде компаниялар Қазақстандағы перспективті геологиялық барлау жобалары аясындағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін зерттеп жатыр.
Бұдан бөлек, кездесуде Қазақстан мұнайын Каспий құбыр желісі консорциумы және қосымша экспорттық бағыт ретінде Баку-Тбилиси-Жейхан арқылы әлемдік нарыққа жеткізу мәселелері қаралды.
Кездесу соңында тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін растады.