Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

М.Мырзағалиев энергетика саласындағы CERAWeek конференциясына қатысты

07.03.2023

CERAWeek — бұл S&P Global ақпараттық-талдау компаниясы жыл сайын Хьюстон қаласында (АҚШ) өткізетін энергетика мәселелеріне арналған ең ірі конференция. Биылғы форум «Navigating a Turbulent World: Energy, Climate and Security» тақырыбы бойынша өтіп, дүние жүзінен 4 мыңнан аса делегат жинады, олар: энергетикалық компаниялардың басшылары мен өкілдері, саясаткерлер, энергетика, қаржы, экология саласының сарапшылары және басқалар.

6 наурызда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев CERAWeek конференциясы аясында «Энергетика нарығы құрылымын қайта қарау» тақырыбында өткен панельдік сессияға қатысып, сөз сөйледі. Ол өз сөзінде әлемдегі геосаяси шиеленіс кезінде туындаған өзгерістермен қатар компанияның жүргізіп жатқан саясаты туралы айтты.

Сондай-ақ М.Мырзағалиев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай, Қазақстан Үкіметі көміртегі бейтараптығына қол жеткізуінің 2060 жылға дейінгі стратегиясын әзірлегенін жеткізді. Аталған құжат энергетикалық балансты әртараптандыруға бағытталған.

Бұл ретте «ҚазМұнайГаз» тың бастамаларды қолға алып, жаңа қызмет салаларын – мұнай-газ химиясы мен «жасыл» жобаларды іске асыра бастады. Былтыр Атырау облысында іске қосылған полипропилен өндіретін мұнай-газ химия кешенін, сондай-ақ қазір пысықталып жатқан Маңғыстау және Жамбыл облыстарындағы баламалы энергия көздері негізінде жұмыс істейтін ірі электр стансаларының жобаларын мысал ретінде келтірді.

М.Мырзағалиев сессия барысында ҚМГ-нің санкция салдарынан туындаған кедергілерді еңсерудегі тәжірибесін атап өтті.

«Былтыр біз Urals және Brent сұрыпты мұнай маркалары арасындағы спред (дисконт) барреліне 30-40 долларға жеткен жағдайға тап болдық. Бұрын спред барреліне шамамен 1,53–1,23 доллар болатын. Жалпы мұнайдың бағасы жоғары болғанымен, қазақстандық жер қойнауын пайдаланушылардың мұнайды сатудан алатын нақты табысы әлдеқайда төмен», — деді сессия қатысушыларына М.Мырзағалиев.

ҚМГ басшысы былтыр маусым айында қазақстандық KEBCO (Kazakhstan Export Blend Crude Oil) жаңа мұнай маркасын нарыққа шығару еліміздегі мұнай-газ компаниялары үшін тәуекелді азайтуға мүмкіндік бергенін атап өтті. Қазіргі кезде KEBCO мұнайының белгіленген бағасы тұрақты. KEBCO және Brent мұнай сұрыптары арасындағы нарықтағы жеңілдік барреліне 3 долларға жуық соманы құрайды.

Бұдан бөлек, ҚМГ басшысы сапар барысында Shell компаниясының барлау және өндіру жөніндегі директоры Зои Юновичпен, Chevron атқарушы вице-президенті Найджел Хирнмен, ExxonMobil корпорациясының аға вице-президенті Нил Чапманмен кездесулер өткізіп, алдағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Фото: CERAWeek
Мағзұм Мирзағалиев CERAWeek форумында сөйлейді. Фото дереккөзі: CERAWeek
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>