Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Шымкент мұнай өңдеу зауытында профилактика жұмыстары жүріп жатыр

27.01.2026

«ПҚОП» ЖШС (Шымкент мұнай өңдеу зауыты) қазіргі уақытта каталитикалық риформинг қондырғысында катализатордың белсенділігін қалпына келтіруге бағытталған іс‑шараларды бастайтынын хабарлаймыз.

Бұл жұмыстар - міндетті әрі қалыпты процедура, себебі екі жыл бойы қолданыста болған катализатордың алғашқы регенерацияаралық кезеңі аяқталды.

Процедураны өткізу уақыты - 7 тәулікке дейін. Осы мерзім катализатор жүйесін жасаушы кәсіпорынмен келісілді.

Айта кетсек, бұл іс‑шаралар мұнай өнімдерінің балансына әсер етпейді. Мұнай өнімдері штаттық режимде жөнелтіліп жатыр. Бүгінгі жағдай бойынша елімізде отын қорының көлемі мынадай:

  • Автобензин:
    • АИ‑92 – 354,2 мың тонна (28 тәулікке жететін қор);
    • АИ‑95 – 91,8 мың тонна (25 тәулікке жететін қор);
  • Дизель отыны – 400 мың тонна (31 тәулікке жететін қор);
  • Авиаотын – 114,9 мың тонна.

Сонымен қатар «ПҚОП» ЖШС каталитикалық риформинг қондырғысында жұмыстар жүргізілетініне байланысты тауарлық мұнай өнімдерінің қосымша қорын қамтамасыз етті:

  • Автобензин – 24 300 тонна, соның ішінде:
    • АИ‑92 - 21 200 тонна;
    • АИ‑95 – 3 100 тонна;
  • Дизель отыны – 4 900 тонна;
  • Авиаотын – 5 000 тонна;
  • Сұйытылған газ – 700 тонна.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>