Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ басшысы Ақтау қаласында Caspi Bitum жұмысына қатысты жиын өткізді

24.06.2026

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында «Caspi Bitum» БК» ЖШС барып, кәсіпорынның қазіргі қызметі мен даму перспективалары бойынша жиын өткізді.

Отырыста қазіргі өндірістік көрсеткіштер және зауыттың қуатын тұрақты әрі толық жүктеу шаралары қаралды.

Биыл Ақтау зауытының жұмысы қызған шақта бір тәуліктегі битум өндірісінің көлемі 1850 тоннаға жетті. Жалпы кәсіпорын тәулігіне 2250 тонна өнім өндіруге қауқарлы. Жүктеменің төмендеуінің негізгі себебі – жол-құрылыс ұйымдары тарапынан берілетін өтінімдер санының азаюы.

Caspi Bitum жоғары сапалы жол битумын шығаруды қамтамасыз ету бағытында тұрақты жұмыс істеп келеді. Өнімнің ішкі бақылауын заманауи құралдармен жабдықталған және аттестатталған Орталық зауыт зертханасы жүзеге асырады.

Сонымен қатар ай сайын сыртқы бақылау да жүргізіледі. Битум сынамалары «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ мен Жол активтері сапасының ұлттық орталығының аккредитациядан өткен зертханаларында жан-жақты зерттеледі.

Бұдан бөлек, кәсіпорын жыл сайын Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығында сертификаттаудан өтіп, өнімнің белгіленген сапа стандарттарына, техникалық регламенттер мен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайды.

Биыл «Bureau Veritas» тәуелсіз инспекциялық-сертификаттау компаниясы Антверпен қаласындағы (Бельгия) өз зертханасында Ақтау битумын тексеріп, қорытындысы бойынша оның сапасы Еуропалық Одақ талаптарына сәйкес екенін растады. Бұдан бұрын зауыт өніміне «Мұнай-химия өңдеу институты» АҚ (Уфа қ., Ресей) және «Société Générale de Surveillance» (Швейцария) оң баға берген болатын.

Жалпы, Caspi Bitum іске қосылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін битумның сапа талаптарына сай келмеуінің бірде-бір фактісі тіркелген жоқ.

Жиналыс барысында сұраныс көп болған кезеңдерде кәсіпорынның тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған қосымша механизмдер талқыланды. Атап айтқанда, арнайы квоталар бөлу арқылы битумды сыртқы нарықтарға жеткізу мүмкіндіктерін кеңейту мәселесі қарастырылды. Бұл зауыттың өндіріс көлемін құрылыс маусымынан тыс уақытта да тұрақты деңгейде ұстап тұруға әрі өнімнің шетел нарығындағы үлесін арттыруға мүмкіндік береді.

Жиын соңында А.Хасенов «Қаражанбасмұнай» АҚ және «Caspi Bitum «БК» ЖШС кәсіпорындарына зауыттың қуатын ұлғайтуға және оның жыл бойы тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін битум өнімдерін сатудың қосымша тетіктерін пысықтауды тапсырды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>