Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«CASPI BITUM» 2023 жылы шикізатты өңдеу және битум шығару жоспарын артығымен орындады

15.03.2024

2023 жылдың қорытындысы бойынша кәсіпорында өңдеу көлемі 853 484 тоннаға жетті немесе мұнайды өңдеуге беруші – «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның өтініміне сай жоспардың 100,5% орындалды. 358 155 тонна (жоспардың 100,8%) жол битумы өндірілді.

Ақтау битум зауыты өнімді уақтылы жөнелте отырып, жыл бойы жоғары өнімділікпен жұмыс істеуге дайын. Бұл тапсырманы орындау үшін кәсіпорында барлық жағдай жасалған. 2021 жылы зауытта битумның тотығу блогын жаңғырту нәтижесінде битум өндірісі жылына 400 мың тоннадан 500 мың тоннаға дейін артты.

2023 жылы зауытта өндірілген жол битумын ең көп пайдаланған өңірлер: Алматы облысы – жалпы жөнелту көлемінің 60 913 тоннасы (17%), Маңғыстау облысы – 44 025 тоннасы (12%) және Жамбыл облысы – 39 404 тоннасы (11 %).

2023 жылы қазан айында «CASPI BITUM» зауытының мұнай өңдеу қуатын жылына 1,5 млн тоннаға дейін арттыру жобасы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ инвестициялық жобалар тізбесіне енгізілді. Қолданыстағы шикі мұнайды бастапқы өңдеу қондырғысын (ЭЛТҚ-АВҚ) жаңғырту нәтижесінде кәсіпорында жол битумын өндіру көлемін жылына 500 мың тоннадан 750 мың тоннаға дейін арттыру жоспарлануда. Жобаны жүзеге асыру аясында 2023 жылы қараша айында NJPEC Нанкин институтымен (Қытай) жұмыс жобасын дайындау туралы шартқа қол қойылды. Жобаны іске асыру мерзімі - 2024-2025 жылдар.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>