Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«CASPI BITUM» биылғы 9 айда 300 мың тоннаға жуық битум өндірді

09.11.2023

«CASPI BITUM» компаниясы 2023 жылдың 3 тоқсанында атқарған жұмыс нәтижесін шығарды. Биылғы қаңтар-қыркүйек айлары аралығында 703 457 тонна мұнай өңделді немесе жоспар 88%-ға орындалды, 294 186 тонна жол битумы өндірілді, бұл жоспарда көрсетілген көлемнің 74%-ы (2022 жылдың сәйкес кезеңінде 348 134 тонна битум өндірілді).

2023 жылдың басынан бастап зауыттан Қазақстан өңірлеріне 288 645 тонна жол битумы жөнелтілді. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша Ақтау битум зауытында өндірілген жол битумын тұтыну көлемі Алматы облысы бойынша 14,1%, Маңғыстау облысы — 11,7% және Жамбыл облысы жалпы жөнелтілген битум көлемінің 11,3%-ын тұтынды.

Ақтау битум зауыты жыл бойы уақтылы жөнелтуді қоса алғанда, толық қуатында жұмыс істеуге дайын. 2021 жылы битумды тотықтыру блогында жаңғырту жұмыстары жүргізілді, бұл зауыттың битум өндіру қуатын жылына 400 мың тоннадан 500 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік берді.

«CASPI BITUM» құрылыс маусымында жол битумының жетіспеушілігін шешуге мүмкіндік беретін инновациялық өнім шығарады, қаптарға буып-түйілген битум өнімді қыста дайындап қоюға мүмкіндік береді.  Жол-құрылыс ұйымдарына қажет сатып алатын буып-түйілген битум көлемін анықтау бөлігінде процестерді үйлестіру қажет. Бұл мәселеде мемлекеттің, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің қолдауы керек.

Ақтау мұнай өңдеу битум зауытының мұнай өңдеу қуатын жылына 1,5 млн тоннаға дейін арттыру жобасын іске асыруға келетін болсақ, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға ресми сапары кезінде «CASPI BITUM» БК» ЖШС акционерлері «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен CITIC өзара түсіністік туралы келісімге қол қойды. Бұл кәсіпорында жол битумын өндіруді қазіргі жылына 500 мың тоннадан 750 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл міндеттерді орындау үшін қолданыстағы шикі мұнайды бастапқы өңдеу қондырғысын (ЭЛТҚ-АВТ) жаңғырту жұмысы арқылы қол жеткізу жоспарда. Жобаны іске асыру мерзімі – 2023-2024 жылдар аралығы.

Биыл қазан айында жоба «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ инвестициялық жобаларының қатарына қосылды. Бүгінгі таңда «CASPI BITUM» техникалық аудиттің нәтижелері мен смета құны бойынша есептеулерді алды, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге шарт жасасу бойынша рәсімдер жүріп жатыр.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>