Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«Caspi Bitum» зауыты жаңғырту жобасының басты кезеңін іске асырды: вакуумды бағана ауыстырылды

11.03.2025

Ақтау битум зауыты мұнай өңдеу қуатын жылына 1,5 млн тоннаға дейін ұлғайта отырып, жаңғырту жобасын іске асырудағы маңызды соңғы кезеңіне көшті. Т-1102 вакуумды бағананы монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Зауыттың өңдеу қуатын арттыру нәтижесінде кәсіпорында жол битумының өндірісі жылына 500 мың тоннадан 750 мың тоннаға дейін ұлғаяды. Жоба ішкі нарықты сұранысқа ие маркарлардың жоғары сапалы отандық жол битумымен толық қамтуға мүмкіндік береді.

Бас мердігер CITIC Construction Ltd компаниясы ЭЛОУ-АВТ кешенді қондырғысында 650 және 350 тонналық жүк көтере алатын екі кранды бір уақытта пайдаланып, биіктігі 39,9 метр Т-1102 вакуумды бағананы көтерді әрі монтаждады. Жабдықты жасаған — Xinjiang Kexin Heavy-duty Equipment компаниясы, ҚХР. Қызмет көрсету алаңдары мен құбырлары бар бағананың жалпы салмағы шамамен 140 тонна болды.

Жобаның Қазақстанның жол саласы үшін маңызын ескере отырып, құрылыс-монтаждау жұмыстары таяуда аяқталмақ. Одан кейін іске қосу-баптау жұмыстары басталады.

«Caspi Bitum» зауытын жаңғырту аясында бұл жабдықты монтаждаудың соңғы кезеңі болды. Енді бағананың ішкі құрылғыларын монтаждау, құбыр байламдарын қосу және БӨАжА құралдарын орнату жұмыстары жүргізіледі.

T-1102 вакуумды бағана технологиялық режимде 0,095 кг/см2 қысыммен және 397°С дейінгі температурада жұмыс істейді. Жаңа бағананы орнату өңделетін мазут көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Оның негізгі қызметі - жол битумын одан әрі өндіру үшін негізгі шикізат — гудрон фракциясын ала отырып, жеңіл көмірсутектердің тиімді бөлінуін қамтамасыз ету. Жоғары сапалы гудронды алу үшін ең үздік технология қолданылады. Эжектордың үшінші сатысында жаңа айналмалы су, вакуум жасау жүйесі орнатылған. Бұл жүйе кең фракциялық құрамды (350-52°С) жеңіл және ауыр вакуумды газойл, күңгірт вакуумды фракцияны — пластификатор мен гудронды алуға мүмкіндік береді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>