Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Қазақстанның болашақ теңізшілеріне арналған білім беру бағдарламасының екінші легіне қабылдау басталды

06.04.2026

 Қазақтеңізкөлікфлоты (ҚТКФ) компаниясы ҚБТУ жанындағы Қазақстан теңіз академиясымен бірлесіп, отандық теңіз флоты үшін мамандар даярлауға бағытталған төрт жылдық оқу бағдарламасына қабылдау жүргізуде. Былтыр барлық іріктеу кезеңдерінен 10 адам сәтті өтіп, студент атанды. Биыл бағдарламаның екінші легіне үміткерлерден өтініш қабылданып жатыр.

Оқу «кеме жүргізу» және «кеме механикасы» мамандықтары бойынша ағылшын тілінде өтеді. Компания гранты оқу ақысын, ай сайынғы стипендияны, жатақханада тұруды және келешекте ҚТКФ кемелеріне жұмысқа орналасуды қамтиды. Бұл мамандық төзімділікті талап ететіндіктен және теңіздегі күрделі жағдайларда жұмыс істегендіктен, үміткерлердің физикалық дайындығы мықты болуы қажет.

Өтінімдер 2026 жылғы 17 мамырға дейін қабылданады. Талапкерлер тест тапсырады, сұхбаттан өтеді және мотивациялық хат жазады. Өтінішті онлайн беруге болады. Бағдарлама туралы толық ақпарат және өтінім беру үлгісі ҚБТУ сайтында жарияланған.

Болашағыңызды теңіз саласымен байланыстырғыңыз келсе және халықаралық деңгейде білім алуды мақсат етсеңіз — жобаның екінші легіне қосылып, кәсіби мамандар қатарынан табылыңыз.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>