Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз басшылығы БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді

22.11.2024

22 қарашада «ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) ұлттық компаниясында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өтті.  ҚМГ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов биылғы 9 айдағы өндірістік көрсеткіштер, ірі инвестициялық жобалар, компанияның мұнай өндіру және мұнай өңдеу кәсіпорындарының қызметі туралы баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Бұл кезеңде ҚМГ 18 млн тонна мұнай өндірді, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 3% артық. Мұнай тасымалдау көлемі былтырғы көрсеткіштен 6% өсіп, 63 млн тоннаға жетті. KPI зауыты 166 мың тонна полипропилен шығарды, кепілдік сынақтарын аяқтап, өндірісті 84%-ға арттырды.

А.Хасенов ұлттық компанияның Қазақстан экономикасындағы маңызды рөлін атап өтті. Бүгінгі таңда компания елдегі барлық мұнай өндіру көлемінің 26%-ын, мұнай тасымалының 56%-ын және өңдеудің 80%-ын қамтамасыз етіп отыр. «Самұрық-Қазына» активтерінде ҚазМұнайГаз үлесі – 46%, ал мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қорға түсетін салықтық және өзге де төлемдердегі үлесі – 10%.

 2022 жылы ҚМГ қазақстандық KASE және AIX биржаларында акцияларын бастапқы жария саудаға шығарды. Одан бері акциялардың құны 60% өсті. Бұл компания қызметінің тұрақтылығын және  акционерлер мен инвесторлардың сенімін айғақтайды. Компанияның қаржылық тұрақтылығын нығайту әрекеттері кредит рейтингтерінің «жасыл», яғни «қауіпсіз аймақта» болуымен және дивиденд мөлшері 2018 жылдан бастап жылына 36 млрд теңгеден 300 млрд теңгеге дейінгі өсімімен расталады.

ҚазМұнайГаз өз стратегиясында мұнай, мұнай-газ химиясы және жасыл жобалар арасында теңгерімді болуды көздейді. Басым бағыттардың біріне қор көлемін ұлғайту жатады, қазіргі қор көлемі – 780 млн тонна. Бүгінгі таңда 11 қолданыстағы және 10 перспективалы жобада геологиялық барлау жұмыстары жүруде. Компания 2030 жылға қарай көмірқышқыл газы шығарындыларының үштен бір бөлігін (2019 жылмен салыстырғанда) азайту үшін авиацияға арналған SAF биоотынын өндіру, СО2 тұту және сақтау жобаларын қолға алды.

ҚМГ басшысы компанияның әлеуметтік жауапкершілігіне де тоқталып өтті. Соңғы 10 жыл ішінде жер қойнауын пайдалану келісімшарттары бойынша жергілікті бюджеттерге 26,2 млрд теңге аударылды. 2020-2024 жылдары өңірлердің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға, мектептер, балабақшалар, медициналық мекемелер, спорттық және мәдени нысандар салуға шамамен 180 млрд теңге жұмсалды. Әлеуметтік маңызды жобалардың бірі – Жаңаөзен халқын ауыз сумен қамтамасыз ететін Кендірлі аймағында салынып жатқан теңіз суын тұшыту зауыты.

ҚМГ жастардың дамуына бағытталған жобаларға да инвестиция салады. Атап айтқанда, «Отпан: Маңғыстау облысынының тірек мектептер желісі» жобасы аясында ҚМГ Жаңаөзен қаласы, Жетібай кенті және Түпқараған ауданында орналасқан үш мектепті жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеді. Ал «Жарқын болашақ» бағдарламасы бойынша 1 000-нан астам оқушы мен студент еліміздің үздік оқу орындарында білім алуда.

Сондай-ақ, А.Хасенов журналистерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>