Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз Sinopec компаниясымен ынтымақтастықты нығайтады

27.09.2023

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Серікқали Брекешев бастаған делегация Гаоцзи (Қытай) су алабы аймағында Sinopec компаниясы игеретін Цзянсу кен орнына барды.

ҚМГ делегациясы сапар барысында кен орнында қолданылатын технологиялар мен енгізіліп жатқан инновациялармен танысты. Бұл тың тәсілдер игеріліп жатқан жер учаскесінің экологиялық тепе-теңдігін сақтап тұруға бағытталған.

Сонымен қатар, өндіріс орындарын аралап болғаннан кейін, ҚМГ өкілдері Sinopec компаниясының басшыларымен кездесті. Тараптар «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС бірлескен кәсіпорнының қазіргі қызметін және парник газдарының шығарындысын азайту жөніндегі жоспарларын талқылады.

«2021 жылы қараша айында ҚМГ 2031 жылға дейін төмен көміртекті дамыту бағдарламасын қабылдады. Біз парник газдарының тікелей және жанама шығарындысын 2019 жылғы деңгейден 15%-ға азайтуды көздейміз. Компания алға қойылған мақсаттарға еншілес және тәуелді мекемелердің, соның ішінде «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-нің операциялық тиімділігін арттыру арқылы және компанияның жаңартылатын көздерден алынатын электр қуаты көлемін ұлғайту есебінен қол жеткізуді жоспарлап отыр», - деді ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасары Серікқали Брекешев.

Анықтама:

«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-нің тең үлескерлері (50%) – «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС және «Caspian Investments Resources Ltd.» (SINOPEC-тің еншілес мекемесі).

Мұнай және газды Ақтөбе облысындағы Әлібекмола және Қожасай кен орындарында өндіреді. 2022 жылы өндірілген мұнай көлемі – 562 мың тонна, газ көлемі – 860 млн м3.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>