ҚазМұнайГаз бен British Petroleum геологиялық барлау саласында ынтымақтастық орнатуға ниетті
02.04.2026
Астанада «Geoscience & Exploration Central Asia» халықаралық геологиялық форумы аясында Маңғыстау облысындағы Үстірт блогын геологиялық барлау мен игеру саласында ынтымақтастық орнату бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) мен BP Exploration Operating Company Limited (British Petroleum) арасындағы ниеттестік жөніндегі келісімге қол қойылды.
Келісімге қол қою екіжақты ынтымақтастықтың жаңа кезеңінің басталғанын білдіреді. Бұдан бұрын компания елімізде бірқатар ірі мұнай-газ жобасын іске асыруға қатысқан болатын. Серіктестікті жандандыру – Қазақстанның ресурстар қорын нығайтуға бағытталған геологиялық барлаудағы перспективті бастамаларды бірлесіп іске асыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.