Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ басшысы GECA халықаралық геологиялық форумы аясында екіжақты кездесулер өткізді

02.04.2026

Астанада өтіп жатқан GECA-2026 халықаралық геологиялық форумы аясында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов British Petroleum (BP) компаниясының кен орындарды барлау мен игеру жөніндегі аға вице-президенті Ариэль Флореспен кездесті.

Тараптар Маңғыстау облысындағы перспективті Үстірт блогын геологиялық барлау мен игеру саласындағы ынтымақтастық туралы қол қойылған келісімге қатысты алдағы іс-шараларды талқылады. 

British Petroleum — жетекші халықаралық мұнай-газ корпорацияларының бірі. 2009 жылға дейін компания Қазақстандағы ірі мұнай-газ жобаларына қатысқан болатын, енді ол республикамыздың геологиялық барлау секторына келді.

А.Хасенов «Үстірт» жобасы — Маңғыстау өңірінің әлеуетін ескере отырып, ҚМГ барлау саласындағы негізгі жобалардың бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, бүгінгі таңдағы басты міндет барлық дайындық процедураларын жылдам аяқтап, жобаның практикалық кезеңіне көшу болып отыр.

Сонымен қатар ҚМГ басшысы Хорватияның көмірсутек мәселелері жөніндегі агенттігінің (CHA, Croatian Hydrocarbon Agency) басшысы Мариян Крпанмен және GEOENERGIJA RAZVOJ d.o.о. компаниясының директоры Марийо Галичпен кездесті. 

ҚР Энергетика министрлігі, ҚМГ мен CHA еншілес компаниясы — GEOENERGIJA RAZVOJ d.o.o. арасында қол қойылған Ақтөбе облысындағы Шығыс учаскесінде көмірсутектерді барлау мен өндіру жөніндегі келісімшартты іске асыру бойынша өзара іс-қимыл жоспарлары талқыланды.

Айта кетсек, ҚазМұнайГаз геологиялық барлау стратегиясын өз күшімен де, сондай-ақ шетел инвестицияларын тарту арқылы да жүйелі жүзеге асыруда. Осыған байланысты, хорват тарапының бірлескен жобаға қатысуға қызығушылық білдіруі ҚМГ-ның барлау активтерінің шетел серіктестері үшін тартымды екенін көрсетеді.

ҚМГ басшысы «Шығыс» жобасын нақты іске асыруды бастау үшін сейсмикалық барлау жүргізу мен іздеу ұңғымасын бұрғылауға дайындықты қоса алғанда, техникалық және жобалық құжаттаманы уақтылы дайындау, ұйымдастырушылық шешімдер қабылдау қажеттігін атап өтті.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>