Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Жиесбек Орынбасаров Bolashak Operating бас директоры болып тағайындалды

20.02.2026

Жиесбек Амангелдіұлы Орынбасаров 1975 жылы дүниеге келген. 

Атырау мұнай және газ институтын «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» мамандығы бойынша бітірген. 

Еңбек жолын «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамында өндірістік қызмет көрсетудің слесарь-монтаждаушысы болып бастады.

Әр жылдары Солтүстік Каспий жобасы нысандарында және Солтүстік Бозашы кен орнында газ каротаждау жұмыстарының инженері, бұрғылау бойынша супервайзер, Каспий Меруерті Оперейтинг Компани Б.В филиалында өндіріс жөніндегі менеджердің орынбасары, «Жамбыл Петролеум» ЖШС-де өндіріс жөніндегі директор, «PSA» ЖШС-де өкілетті органының техникалық тобының менеджері, «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» филиалының бұрғылау жұмыстарына арналған материалдарды басқару тобының жетекшісі, «ӨзенМұнайСервис» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

Бұл лауазымға тағайындалғанға дейін «Исатай Оперейтинг Компани» ЖШС-нің өндіріс жөніндегі директоры болып жұмыс істеді. 

«Bolashak Operating» ЖШС — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 100% еншілес компаниясы, ол Маңғыстау облысында және ішінара Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан «Болашақ» барлау мен өндірудің күрделі жобасы бойынша жер қойнауын пайдаланушысы.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>