Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз жаңаөзендік балаларға арналған заманауи білім беру кешенін салып жатыр: жобаның құрылысы аяқталуға жақынҚазМұнайГаз жаңаөзендік балаларға арналған заманауи білім беру кешенін салып жатыр: жобаның құрылысы аяқталуға жақын

24.09.2025

Жаңаөзенде оқушылардың жан-жақты дамуына ықпал ететін «Bolashaq Sarayi» орталығының құрылысы жалғасуда. Ауданы 3000 шаршы метрден асатын жаңа білім беру кешені бір уақытта 350 оқушыны қабылдай алатын болады.

«Bolashaq Sarayi» жаңаөзендік жасөспірімдерге өнер, ғылым және спорт бағытында дамуға жаңа мүмкіндіктер береді. Мұнда робот техникасы, бағдарлама жасақтау, 2D/3D модельдеу, шет тілдерін үйрену, шахмат, киім және тігін дизайны, вокал, классикалық және ұлттық аспаптарда ойнауға арналған сыныптар жабдықталады. Сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері, қолданбалы және жаратылыстану ғылымдарына баулитын зертханалар, бейнелеу өнеріне арналған студия, актерлік шеберлік, журналистика, хореография сабақтары өтетін телестудия, ағаш шеберханасы және т.б. ашылады.

Бүгінгі таңда негізгі құрылыс жұмыстары толық аяқталды: (жер жұмыстары бітті, ғимараттың монолитті қаңқасы мен қасбеті тұрғызылды, сыртқы қабырғалары мен арақабырғалары және шатыры қаланды, терезелер мен әйнекті витраждар салынып, сыртқы инженерлік желілер тартылды).

Ішкі әрлеу жұмыстарының барысы:
▪️шеберханалар – 45%;
▪️ішкі инженерлік желілер – 50%;
▪️ішкі әрлеу – 30%;
▪️абаттандыру жұмыстары – 15%.

Құрылыс бекітілген жоспарға сай жүргізілуде. Нысанды аяқтау және  пайдалануға беру 2025 жылдың желтоқсан айына жоспарланған. Жоба Маңғыстау облысының 2021–2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары аясында және «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылып отыр.

ҚазМұнайГаз өз кәсіпорындары орналасқан өңірлерде әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға атсалысып, мектептер, балабақшалар, ауруханалар мен спорт-мәдени нысандарының құрылысын қоса алғанда, маңызды бастамаларды тұрақты түрде іске асырып келеді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>