Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз бен Bluewater жылжымалы айлақ құрылғылары саласында ынтымақтастық орнатты

10.05.2024

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) және «Bluewater Energy Services B.V.» компаниясы жылжымалы айлақ құрылғылары бойынша болашақ жобалар саласында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Келісімге 10 мамырда Астанада қол қойылды.

Құжатқа ҚМГ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев пен «Bluewater Energy Services» компаниясының вице-президенті Мишель Бонте (Michel Bonte) қол қойды. Келісім Қазақстанның отандық мұнай экспортын дамыту жөніндегі іс-қимылын нығайтуға бағытталған. Қол қойылған құжат шеңберінде «Bluewater» техникалық сарапшылары халықаралық тәжірибемен бөлісуге, атап айтқанда қазақстандық мамандарды Каспий және Қара теңіз акваториясында жылжымалы айлақ құрылғылары жобаларын іске асыруға оқытуды көздейді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қазақстандық мұнайдың қауіпсіз және үздіксіз экспортын қамтамасыз ету бойынша маңызды міндет қойды. «Bluewater» бұл салада мол тәжірибеге ие. Бүгінгі қол қою рәсімі стратегиялық әріптестігіміздің маңызды кезеңін айқындай түседі», — деп атап өтті Мағзұм Мырзағалиев.

Нидерланд фирмасының өкілі өз кезегінде «Bluewater Energy Services» ҚМГ және Қазақстан Республикасымен стратегиялық әріптестікті дамытуға ниетті екенін атап өтті.

«ҚМГ-мен қол қойылған бүгінгі келісімнің арқасында елдің мұнай-газ секторын дамытуға қосымша үлес қосуға мүмкіндік алғанымызға қуаныштымыз. Бұл қос компания үшін, Қазақстан мен Нидерланд үшін де аса маңызды», - деді Мишель Бонте.

Ақпарат үшін:

Bluewater Energy Services B.V. — 1978 жылы құрылған нидерландтық компания, ол дәстүрлі айлақтардан бастап инновациялық жылжымалы автоматтандырылған айлақ құрылғыларына дейін теңіз құрылымдарының кең ауқымын өндіруде әлемдік технологиялық көшбасшы. Ол сондай-ақ терең теңіздегі бұрғылау ұңғымаларынан шикі мұнай өндіретін және оны одан әрі жағаға тасымалдау үшін шаттл танкерлеріне айдалғанға дейін өз танктерінде сақтайтын мұнай өндіруге және сақтауға арналған танкер типті жүйелерді жобалауға, әзірлеуге, пайдалануға маманданған.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>