Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

CASPI BITUM мен Павлодар мұнай-химия зауыты 1 қарашадан бастап өңірлердің климаттық жағдайына бейімделген жол битумын шығара бастайды

23.10.2026

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобына кіретін Ақтаудағы CASPI BITUM зауыты және Павлодар мұнай-химия зауыты (ПМХЗ) биыл 1 қарашадан бастап БНД 100/130 маркалы жол битумын өндіруді тоқтатып, өңірлердің климаттық жағдайына бейімделген маркаларды өндіруге көшеді. Атап айтқанда, солтүстік және орталық өңірлер үшін БНД 70/100 маркалы және оңтүстік өңірлер үшін БНД 50/70 маркалы жол битумын өндіре бастайды.

Бұл шешім Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын орындау аясында қабылданды.

Айта кетейік, екі зауыт жол-құрылыс саласын дамытуға елеулі үлес қосып, ішкі нарықты отандық жоғары сапалы битуммен тұрақты қамтамасыз етіп келеді. Олардың жиынтық өндірістік қуаты Ақтауда – 750 мың тоннаны, ал Павлодарда шамамен 500 мың тоннаны құрайды. Жалпы, екі кәсіпорын жылына 1,2 млн тонна битум шығарып, елдің жол битумына деген қажеттілігін толық жауып отыр.

Анықтама:

БНД - «жол құрылысына пайдаланылатын мұнай битумы» дегенді білдіреді. Марка белгісіндегі цифрлар 25°C температурада 100 г жүктеме әсерімен 5 секунд ішінде иненің битумға ену тереңдігінің рұқсат етілген диапазонын көрсетеді. Көрсеткіш миллиметрдің оннан бір бөлігімен өлшенеді. Мысалы, цифрлар неғұрлым кіші болған сайын, битум соғұрлым қатты болады: БНД 50/70 маркасында ине 5,1–7 мм, ал БНД 100/130 маркасында 10,1–13 мм тереңдікке енеді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>