Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

А.Хасенов Ақтау битум зауытының қуатын кеңейту жобасына қатысты кеңес өткізді

06.09.2024

6 қыркүйекте «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысындағы «Caspi Bitum» БК ЖШС Ақтау битум зауытында болды. Жұмыс мәселелеріне арналған кеңесте зауыттың өңдеу қуатын жылына 1,5 млн тоннаға дейін арттыру жобасы талқыланды. ЭЛОУ-АВТ қондырғысын жаңғырту жол битумы өндірісін жылына 500 мың тоннадан 750 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Биыл қараша-желтоқсан айларында демонтаж жұмыстары басталып, кейіннен жаңа жабдық орнатылатын болады.

Қазіргі уақытта зауыт өтініштер мен келісімшарттар бойынша жол-құрылыс компанияларын битуммен қамтамасыз етіп отыр.

Асхат Хасенов кәсіпорында жүргізілетін жұмыстарды 2025 жылы жол-құрылыс маусымы басталғанға дейін аяқтау маңызды екенін атап өтті.

Ақтау битум зауыты 2024 жылдың 8 айында 514 мың тоннаға жуық мұнай өңдеп, 192 мың тоннадан астам жол битумын өндірді.

Анықтама:

«Caspi Bitum» БК ЖШС (Ақтау қ.) — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және CITIC Kazakhstan ЖШС негізін қалаған бірлескен кәсіпорын, әр компания 50% акциясын иемденеді. Caspi Bitum – Қазақстанда тотыққан және модификацияланған жол битумын өндіруге маманданған жалғыз зауыт. 2013 жылдан бастап кәсіпорын «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолы сияқты стратегиялық жолдарды салу кезінде қолданылатын жоғары сапалы битумды өндіріп келеді. Зауытты жаңғырту және оның қуатын кеңейтудің басты мақсаты – елімізде өсіп келе жатқан битум сұранысын қамтамасыз ету.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>