Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

KASE биржасы қор нарығын дамытуға қосқан үлесі үшін ҚазМұнайГазды марапаттады

20.11.2023

2023 жылдың 16 қарашасында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Қазақстан қор биржасының 30 жылдығына орай «Қаржы нарықтарын трансформациялаудағы биржалардың рөлі» атты KASE халықаралық биржалық форумына қатысты.

Форум аясында биржалық нарықтарды дамытудың, IPO дамыту үрдістерінің, қаржылық қызметтерді диджитализациялау және капитал нарығындағы бөлшек инвесторлар белсенділігін арттыру, қаржы нарығында ESG қағидаттары мен ESG өнімдерін дамыту мен ілгерілету бойынша өзекті тақырыптар талқыланды.

30 жыл бойы Қазақстанның қор нарығын дамытуға зор үлес қосып келе жатқан ұйымдарды, сарапшылар мен қаржы секторының мамандарын марапаттау рәсімі бойынша ҚМГ екі марапатқа ие болды: оның бірі ‒ «Акциялар нарығының көшбасшысы», екіншісі ‒ «ESG стандарттарын енгізгені үшін» деп аталады.

Өткен жылдың желтоқсан айында ҚМГ IPO шығып, жария компанияға айналған тарихи оқиға болды. Осы шараға 69 мыңға жуық қазақстандық қатысып, Қазақстанның ірі ұлттық компаниясының акционерлері атанды. IPO шыққан сәттен бастап ҚМГ капиталдандыру 36% өсіп, шамамен 7 триллион теңгені құрады.

ESG бағыты заманауи жаһандық тренд, онымен бірге компаниялар үшін үлкен сынақ болып табылады. ҚМГ ESG аспектілеріне бағытталған ресурстарды мақсатты түрде бөліп, корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарын ұстанумен бірге, коммерциялық қызмет, әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік арасындағы тепе-теңдікті теңгере отырып, кешенді іс-шараларды іске асырады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>