Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз командасы «Бірлік жүгірісі» жарысына қатысты

28.04.2024

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) қызметкерлері елорданың көктемгі басты жарысы — Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бірлік жүгірісі» бірлік марафондық жарысына қатысты.

Көпшілігі «KMG Runners» марафонға жүгіру клубының белсенді мүшелері болып табылатын ҚМГ қызметкерлері үшін бірлесіп жүгіру —командалық рухты нығайтуға және өзара әріптестік қарым-қатынасты қалыптастыруға жетелейтін жақсы үрдіс.

«Символикалық тұрғыдан Еліміз үшін маңызды болып табылатын бүгінгі жарысты біз тату-тәтті, өте жақсы нәтижемен өткіздік. ҚазМұнайГаздың және жеке өз атымнан жарыстың ұйымдастырушылары — Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Астана қаласының Триатлон Федерациясына алғыс білдіремін! Бізге шын жүректен қолдау көрсету үшін келген Компаниямыздың қызметкерлеріне, сонымен бірге марафонға қатысушылардың отбасылары мен жақындарына да ерекше рахмет айтамын. Спорт — еліміздің барлық этностарының береке-бірлігі мен ынтымағын жарастырып, бірыңғай мықты және тату командаға жұмылдыруға атсалысатын ең жақсы тәсілдердің бірі», — деп тоқталып өтті ҚМГ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев жарыстың барлық қатысушыларына спорттық рухы мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін шын жүректен ризашылығын білдіре отырып.

Іс-шараға Қазақстанның басқа өңірлерінен, барлық этно-мәдени бірлестіктерден, сондай-ақ жастар және инклюзивті қозғалыстан келген спортшылар да қатысты.

Жарыстың ыңғайлы қашықтығы, айналасы әдемі маршрут, сертификатталған трек, мерекелік атмосфера және жеңімпаздарға арналған ақшалай сыйлықтар жарыстың барлық қатысушыларын ерекше ынталандырды.

Жалпы, ҚазМұнайГаз дәстүрлі түрде бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға ерекше көңіл бөледі. Еңбек ұжымдарын біріктіру мақсатында ҚМГ жыл сайын барлық еншілес ұйымдарының өкілдері қатысатын 10-нан астам спорт түрлері бойынша спартакиада өткізеді. ҚМГ спартакиадасында іріктелген жеңімпаздар басқа да спорттық іс-шараларға үнемі қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>