Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз-Аэро» және «BioOperations» ЖШС экологиялық таза авиаотын (SAF) өндіру жөніндегі жобаны іске асыру туралы келісім жасасты

08.11.2024

«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС және «BioOperations» ЖШС экологиялық таза авиаотын өндіру жөніндегі — SAF жобасын іске асыру туралы келісімге қол қойды.

Құжатқа 8 қарашада «Green Airports» ICAO өңірлік семинары шеңберінде, Алматыда «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС (ҚазМұгайГаздың еншілес ұйымы) алаңында өткізілген «дөңгелек үстел» қорытындысы бойынша қол қойылды. Бұған дейін ICF халықаралық консалтингтік компаниясы қазақстандық тарапқа «BioOperations» ЖШС өндіретін шикізат-биоэтанолдың болуын ескере отырып, ATJ (Alcohol-to — Jet) технологиясы бойынша SAF өндірісін бастауды ұсынған болатын.

Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша қаласында орналасқан «BioOperations» отандық зауыты, өңірдегі астықты терең өңдеу бойынша флагман болып табылады. Зауыттың басты артықшылығы — шикізат базасының болуы.

Негізгі автомобиль жолдары және теміржол бойында орналасуы логистиканы оңтайландырады.

BioOperations өндіретін Биоэтанол — өсімдік шикізатынан алынған биоотын. Ол — әлемде тұтынуы артып келе жатқан және Еуропалық Одақ елдерінде кеңінен қолданылатын жоғары сапалы, жаңартылатын және экологиялық таза отын көзі. BioOperations биоэтанолды ЕО елдеріне және Ұлыбританияға экспорттайды.

Тайынша зауыты биоэтанол өндіру үшін астықтың әртүрлі түрлерін пайдаланады. Сондай-ақ, глютен және крахмал сияқты астықты терең өңдейтін жанама өнімдерiн өңдейді.

Анықтама:

ICF (ICF International Inc.) — американдық консалтингтік және технологиялық компаниясы. Қазақстанда тұрақты даму және инфрақұрылымды жақсарту саласындағы жобалармен жұмыс істеуде ынтымақтасады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>