Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект арқылы өндірістік қауіпсіздікті күшейтуде

02.06.2026

Бүгін Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев ҚМГ компаниялар тобында еңбекті қорғау мен өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Қ.Есқазиев атап өткендей, қызметкерлердің қауіпсіздігі ұлттық компания үшін басты басымдық болып қала береді. Соңғы бес жылда жүргізілген жүйелі жұмыстың арқасында едәуір нәтижелерге қол жеткізілді.

— Өндірістік жарақат алу 34% азайды, жол-көлік оқиғаларының саны 73% қысқарды. ҚМГ – IOGP Мұнай және газ өндірушілерінің халықаралық қауымдастығының мүшесі. Бұл компанияның корпоративтік жауапкершілігінің жоғары деңгейін және халықаралық стандарттарды берік ұстанатынын көрсетеді, — деді ол.

ҚазМұнайГаз өндірісте жарақат алуды азайту үшін өзінің еншілес кәсіпорындарында жасанды интеллектіні (ЖИ) қолдана отырып, цифрлық жобаларды жүйелі түрде енгізіп келеді. Бүгінде ұңғымаларды жерасты және күрделі жөндеу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін «TUMAR» интеллектуалды жүйесі 60 бригадада жұмыс істейді.

— ҚМГ-ның жеке әзірлемесі өзінің тиімділігін дәлелдеді. Қазіргі уақытта жұмысшыларды толық қамту үшін оны тарату іс-шаралары жүргізілуде. «TUMAR» жүйесімен 242 бригаданы жабдықтау жоспарланған, — деді Қ.Есқазиев.

Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік – мұнай өңдеу зауыттарында да негізгі басымдықтардың бірі. Жасанды интеллект элементтері бар «Computer vision» цифрлық жобасы іске асырылуда. Сонымен қатар мұнай өңдеу зауыттарында күрделі ақауларды дер кезінде анықтауға, апаттар мен оқыс оқиғалар санын азайтуға, сондай-ақ пайдалану шығындарын қысқартуға мүмкіндік беретін ЖИ негізіндегі предиктивті сараптама енгізілуде.

Бұдан бөлек, мұнай өндіру көлемінің шамамен 90% құрайтын 12 негізгі кен орнында цифрлық көшірмелерді енгізу жұмыстары басталды.

Қауіпті жұмыстарды келісу, олардың қауіп-қатерін бағалау және жай-күйін қадағалау процестерін автоматтандыру мақсатында ҚМГ электронды наряд-рұқсат бастамасын енгізіп жатыр. Жоба осындай жұмыстар орындалатын барлық 24 еншілес ұйымға таратылады.

ҚМГ компаниялар тобында қызметкерлерге қауіпті еңбек жағдайлары туралы жедел хабарлауға мүмкіндік беретін «Қорғау» (Safety Card) бағдарламасы жұмыс істейді. Ірі кәсіпорындарда мамандардың денсаулығын бақылау үшін ауысым алдындағы медициналық тексерулердің электрондық жүйесі енгізілді, ол процедураны өту уақытын екі минутқа дейін қысқартады және адамның араласуын азайтады.

Көлік қауіпсіздігі мәселесіне ерекше назар аударылады. ҚМГ-да көліктің жылдамдығын, геолокациясын, қатты маневр жасау, сондай-ақ жүргізушілердің шаршауын және көңіл-күйін қадағалайтын «Сапарларды басқару» жобасы енгізілуде. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ҚМГ автопаркінің 25% осы жүйемен жабдықталған. Осы жүйені орнатуға келметін техниканы санамағанда, бұл көрсеткішті 83% дейін арттыру жоспарланып отыр.

— Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылында ҚМГ өзінің өндірістік нысандарында ЖИ элементтері негізіндегі тиімді цифрлық шешімдерді енгізе отырып, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған жұмысты жалғастырады, — деп атап өтті Қ.Есқазиев.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>