Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«Akkaiyn Operating» Батыс Қазақстан облысындағы Березовский учаскесінде сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізуде

04.11.2026

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Sinopec International Energy Investment Holding Netherlands B.V.» бірлескен кәсіпорны — «Akkaiyn Operating» ЖШС «Березовский» жер қойнауы учаскесінде 2D сейсмикалық барлау бойынша дала жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жалпы зерттеу көлемі толық 899 бойлық шақырымды құрайды, ал кескіндердің ұзындығы – шамамен 1114 шақырым. Дала жұмыстары кезеңі сейсмикалық барлаудың екі әдісімен жүргізіледі. Вибрациялық әдіс арнайы вибросейсмикалық машиналарды қолдана отырып, 24000-нан аса пунктіде қолданылады. Бұдан бөлек, бақыланатын жарылыс әдісімен зерттеу 3500 астам орында жүргізілуде. Сонымен қатар геологиялық қиманың жоғары бөлігін жан-жақты зерттеу үшін 149 жерде микросейсмокаротаж жасалды.

Березовский учаскесі Батыс Қазақстан облысында, Қарашығанақ кен орнының оңтүстік-шығысында орналасқан. Бұдан бұрын жер қойнауын геологиялық зерттеу аясында ҚМГ өз күшімен толық 338 бойлық шақырым көлеміне 2D сейсмикалық барлау жүргізді. Бұл іс-шараның нәтижесінде тұзды шөгінділерде перспективті құрылымдар анықталды.

Жұмыс жоспары 2D және 3D-сейсмикалық барлау жүргізуді, алынған деректерді өңдеу мен интерпретациялауды, тереңдігі 7000 метр болатын тұзасты іздеу ұңғымасын бұрғылауды, сондай-ақ геологиялық-геофизикалық ақпаратты және бұрғылау нәтижелерін кешенді талдауды көздейді. Бұл ретте барлау кезеңін Sinopec компаниясы қаржыландырады.

«Березовский» жобасы Қазақстан аумағының геологиялық зерттелуін арттыруға және елімізде ресурстар қорын толықтыру үшін көмірсутектерді барлау мен өндіру бойынша жаңа перспективті нысандарды іздеуге бағытталған ҚМГ-ның стратегиясы аясында іске асырылуда.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ