Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ басшысы Атырауда жағалауды бекіту жұмыстарымен танысты

12.04.2024

12 сәуірде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Атырауға жұмыс сапары кезінде «ҚазТрансОйл» АҚ (ҚТО) Атырау мұнай құбыры басқармасына қарасты Т. Қасымов атындағы мұнай айдау станциясында бөгет салу жұмыстарының барысын тексерді. Бөгетті мұнай құбыры басқармасының қызметкерлері өз күшімен салып жатыр. Оның жалпы ұзындығы — 700 метр. Бұл жұмыстарға 3 самосвал, 1 экскаватор және 2 жүк тиегіш жұмылдырылды.

Бұдан басқа, қазіргі уақытта Атырау қаласында Жайық өзенінде және Атырау облысының Құлсары қаласында Жем өзенінде жағаны бекіту іс-шараларына ҚТО-ның 28 арнайы техникасы тартылды. Атырау облысында су тасқынына қарсы жұмыстарға ҚТО-ның 30-ға жуық қызметкері атсалысуда.

«Су тасқынына қарсы іс-шараларға атсалысып жатқан ҚМГ кәсіпорындарының барлық қызметкеріне зор алғысымды білдіремін. Сіздердің қажырлы күш-жігерлеріңіз өндіріс нысандарымызды қорғап қана қоймай, қызметкерлеріміз бен жергілікті халықтың өмірі мен амандығын сақтап қалады», — деді М.Мырзағалиев.

Сонымен қатар ҚМГ басшысы Каспий құбыр желісі консорциумының нысандарында жүріп жатқан су тасқынына қарсы жұмыстардың барысымен танысып, КҚК нысандарының басшыларымен қосымша тартылатын адам күші және техника көмегімен жұмыстардың қарқынын жеделдету мәселесін талқылады.

Атырау мұнай өңдеу зауытының штабында М.Мырзағалиев ҚазМұнайГаздың сол өңірде орналасқан еншілес ұйымдарымен шұғыл кеңес өткізді.

Кеңесте су тасқынының өндіріске қаупін сейілту мақсатында кәсіпорындардың технологиялық және су нысандарындағы жағдайды үнемі бақылауда ұстау қажеттілігі айтылды.

Еншілес ұйымдардың басшыларына су тасқынымен күрес жұмыстарын дер кезінде іске асыру үшін қаражатты, еңбек ресурстарын, арнайы техника мен қажетті материалдарды толық көлемде бөлу тапсырылды. Сондай-ақ ҚМГ кәсіпорындары апатты еңсеру үшін аймақ тұрғындарына және жергілікті атқарушы органдарға белсенді көмек беруді жалғастырады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>