Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«БерӘлі Маңғыстау Company» ЖШС бұрынғы қызметкерлерімен жұмысқа орналастыру мәселелеріне қатысты кезекті кездесу өтті

30.05.2023

29 мамырда Жаңаөзен қаласында «Өзенмұнайгаз» АҚ мен «Мөлдір Мұнай Сервис» ЖШС-нің басшылығы «БерӘлі Маңғыстау Company» ЖШС бұрынғы қызметкерлерімен кезекті кездесу өткізді.

Кездесуде «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Н.Қилыбай «БерӘлі Маңғыстау Company» ЖШС-нің бұрынғы қызметкерлерін жұмыспен қамту үшін «Мөлдір Мұнай Сервис» ЖШС-не жұмысқа орналастыру туралы ұсынысын жеткізді.

Жиын қатысушыларына «Өзенмұнайгаз» АҚ мен «Мөлдір Мұнай Сервис» ЖШС арасында «БерӘлі» компаниясының бұрынғы жұмысшыларының бұған дейін алып келген жалақы мөлшерін кепілді сақталуын көздейтін шарт ұсынылды.

Сонымен қатар кездесуге келгендерге ұңғымаларды өнеркәсіптік жөндеу қызметін сатып алуға тендер 3 жыл мерзімге өткізілетіні айтылды.

Өз кезегінде «БерӘлі» компаниясының бұрынғы жұмысшылары ұсынылған шарттарды қарастыруға уақыт сұрады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>