«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ кадрлық тағайындаулар жайлы хабарлайды
25.01.2024
«Karaton Operating Ltd» бас директоры қызметіне Арсен Байхарашев тағайындалды.
А.Байхарашев бұған дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай және газ өндіру департаментінің өндіру активтері басқармасының бастығы қызметін атқарды.А.Байхарашев — жоғары білімді, 2011 жылы Лондонның (Ұлыбритания) «HULT American International University of Business» университетін «Бизнес әкімшілендіру және Менеджмент» мамандығы бойынша озық бітірген.Еңбек жолын 2011 жылы «ҚазМұнайГаз Барлау-Өндіру» АҚ, «Орал ойл энд газ» ЖШС, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ әр түрлі қызметтерден бастады.
«Karaton Operating Ltd» компаниясы ҚазМұнайГаздың еншілес ұйымы.