Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ басшысы Baku Energy Week алаңында бірқатар екіжақты кездесу өткізді

03.06.2025

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Баку қаласында Мажарстанның MOL Group корпорация басшысы Жолт Эрнадимен кездесті. Екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары мен бірлескен жобалар бойынша нақты жоспарлар талқыланды.

Атап айтқанда, тараптар «Рожков» кен орнын игеру барысын қарады. Бұл кен орны бойынша ҚМГ мен MOL Group серіктес компаниялар. Кен орнында 2025 жылғы қаңтар-мамыр айларында 151 млн текше метр газ және 112 мың тонна конденсат өндірілді. Биылғы жоспар — 527 млн текше метр газ және 351 мың тонна конденсат.

«Рожков» кен орнынан өндірілетін газ маңызды әлеуметтік рөл атқарады: сұйытылған көмірсутек газына өңделгеннен кейін ол Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарының тұтынушыларына жеткізіледі.

Сонымен қатар «Рожков» шикізатының базасында газ-химиясы жобаларының перспективалары қаралды.

MOL Group корпорациясының мұнай-газ химиясы саласында мол тәжірибесі бар. Оның айқын мысалы, Мажарстандағы заманауи үлгідегі MOL Polyol complex полиол зауыты. ҚМГ делегациясы бұл кәсіпорынға 2024 жылдың қараша айында инновациялық технологияларды зерттеу мақсатында барған болатын.

— MOL Group-пен стратегиялық серіктестік ҚМГ үшін инвестиция тартуда, озық технологияларды енгізуде және тәжірибе алмасуда жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Біз мажарстандық әріптестерімен ынтымақтастықты жоғары бағалаймыз және алдағы уақытта одан әрі өзара тиімді жұмыс істейтін боламыз, — деді А.Хасенов.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар кен орнын игеру және бірлескен мұнай-газ химиясы өндірістерін құру бағыттарындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға ниетті екенін растады.

Сол күні Асхат Хасенов «Turkish Petroleum» компаниясының басшысы Ахмет Түркоғлумен кездесті.

Екі компанияның ынтымақтастық мүмкіндіктері, сондай-ақ инвестиция тарту және технологиялар алмасу мәселелері қаралды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>