Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз Доңға кен орны бойынша өнімді бөлу туралы шартындағы 60% үлесін сатып алды

21.11.2023

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) «TotalEnergies EP Danmark A/S» компаниясынан (TotalEnergies еншілес ұйымы) «Total E&P Dunga GmbH» жарғылық капиталындағы 100% акциясын сатып алғаны жөнінде хабарлайды. Осылайша, ҚМГ «Total E&P Dunga GmbH» компаниясы арқылы «Доңға» жер қойнауын пайдалану жобасында 60 пайыз үлесіне иелік етеді. Аталған мәміле бұған дейін ҚМГ мен «TotalEnergies EP Danmark A/S» арасында қабылданған сатып алу-сату келісімшартының аясында жасалды.

Екі тарап та мәміленің аяқталуы қос компания арасында орнаған жемісті ынтымақтастықтың айқын дәлелі екенін атап өтті.

Анықтамалық ақпарат:

«Доңға» мұнай-газ кен орны ҚР Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында орналасқан. Кен орын 1966 жылы ашылған. «Доңға» жобасы өнімді бөлу туралы шарт аясында іске асырылуда. Шарттың қазіргі қатысушылары — «Total E&P Dunga GmbH» (60%), «Oman Oil Company Limited» (20%) және «PTT Exploration and Production» (20%).

TotalEnergies – мұнай және биоотын, табиғи газ бен жасыл газдар, жаңартылатын энергия және электр энергиясын өндіретін, сататын жаһандық мультиэнергетикалық компания. TotalEnergies 100 000-нан астам қызметкерлері мүмкіндігінше көптеген жандарға энергияның қаржылық жағынан қолжетімді болуы жолында қызмет атқарып жатыр. Әлемнің 130-ға жуық елінде жұмыс істейтін TotalEnergies адамдардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты даму жобалары мен операцияларын барлық аспектілері бойынша басты орынға қояды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (ҚМГ) – Қазақстанның вертикалды интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы. ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап тасымалдауға, өңдеуге және мамандандырылған қызметтер көрсетуге дейінгі бүкіл өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. 2002 жылы құрылған Компания еліміздің мұнай-газ саласында Қазақстанның мүддесін қорғайды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>