Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Қазақстанда қуаты 1 ГВт жел электр станциясының құрылысы келесі кезеңге өтеді

01.11.2023

Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт жел электр станциясын (ЖЭС) салу жобасы келесі кезеңге аяқ басты.

Франция Президенті Эмманюэль Макронның Қазақстанға ресми сапары барысында Total компаниясымен қуаты 1 ГВт болатын ЖЭС салу жобасы бойынша Бірлескен кәсіпорын туралы келісім жасалды. Жоба қатысушылары – Total (60%), «Самұрық-Қазына» АҚ (20%) және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (20%).

Құжатқа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франция Президенті Эмманюэль Макронның қатысуымен қол қойылды.

Келісім бірлескен кәсіпорынды басқару, бюджетін бекіту, күрделі шығындар, дивидендтерді бөлу және басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдаудың негізгі ресімдерін айқындайды.

Жамбыл облысының Мирный кентінде 300 МВт/600 Мвтс электр энергиясын жинақтау жүйесі бар қуаты 1 ГВт ЖЭС салынады.

«Total компаниясы – басты серіктестеріміздің бірі. «ҚазМұнайГаз» компаниялар арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуды көздейді», - деп атап өтті М.Мырзағалиев.

Жобаны іске асыру мақсатында 2022 жылы қарашада «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және Total Eren жобаны іске асырудың негізгі шарттары туралы келісімге қол қойған еді.

Қуаты 1 ГВт жел электр станциясын салу және пайдалануға беру көміртегі ізін азайтуға, сондай-ақ Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі мақсатын іске асыруға ықпал етеді.

Сондай-ақ бұл жоба – 2022 жылы қарашада қол қойылған Үкіметаралық келісімде көзделген Қазақстан мен Франция арасындағы энергетика, жаңартылатын энергия көздері және жасыл технологиялар саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадамдардың бірі.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>