Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Axens компаниясы Қазақстанда полиэтилен өндіретін жобаны дамытуда ҚазМұнайГаздың серіктесі болады

07.06.2023

6-7 маусымда Францияның Рюэй-Мальмезон қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Axens компаниясымен кездесті.

ҚМГ мен Axens Атырау облысындағы арнайы экономикалық аймақта салынатын, жобалық қуаты жылына 1250 мың тонна полиэтилен болатын алғашқы интеграцияланған газ-химия кешенін (Жоба) іске асыру аясында ынтымақтастықты дамытуға ниет білдірді.

Бұдан бөлек, ҚМГ мен Axens компаниясын бұған дейін де жемісті ынтымақтастық байланыстырған: 2018 жылы Атырау мұнай өңдеу зауытында ауқымды жаңғырту жұмыстары (мұнайды өңдеу конверсиясы ұлғайды, мұнай-химия өнімінің өндірісі артты, К4/К5 сипаттамасына сай бензин, дизель және реактивті отын өндіру ұлғайды) сәтті өткен, оның лицензиары Axens болды.

ҚМГ Полиэтилен жобасында Axens компаниясының AlphaButol® технологиясын енгізуді қарастырып жатыр. Alphabutol® процесі – полиэтилен өндірісіне қажетті тазалығы жоғары 1-бутен өндіруге арналған салалық эталон. Axens компаниясының AlphaButol® әлемнің жетекші мұнай химиясы кәсіпорындарында кеңінен пайдаланылады. Аталған технология нарықта сұранысы күннен күнге артып келе жатқан жоғары сұрыпты полиэтилен өндіруге мүмкіндік береді.

Осы орайда, ҚМГ мен Axens AlphaButol® технологиясымен байланысты технологиялық процесті жобалау пакетін жеткізу туралы келісімге қол қойды.

Анықтамалық ақпарат

Axens — штаб пәтері Францияда орналасқан халықаралық топ. Ол мұнай мен биомассаларды таза отын түрлеріне айналдыру, негізгі мұнай химия жартылай өнімдерін өндіру мен тазарту, пластмассаны химиялық өңдеу, табиғи газды өңдеу мен түрлендіру, сондай-ақ сутегіні тазарту мен тасымалдау, суды тазарту және көміртекті тұту үшін түрлі шешімдердің толық спектрін ұсынады.

Атап айтқанда, технологиялар, құрал-жабдықтар, пештер, модульдік қондырғылар, катализаторлар, адсорбент пен іліспе қызметтер.

Axens компаниясы техникалық-экономикалық негіздемеден бастап қондырғыны іске қосу мен қондырғыны пайдаланудың бүкіл циклі бойына сүйемелдеуге дейінгі құн тізбегін толық қамтуда жан-жақты қызмет түрлерін көрсете алады. Бұл бірегей позициясы қоршаған ортаға әсерді азайту кезінде өнімділіктің ең жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Axens компаниясының жаһандық ұсынысы жоғары білікті кадрларға, заманауи өндірістік қуаттарға және өнеркәсіптік, техникалық және коммерциялық қызметтеріне негізделген. Axens IFP тобына жататын компания.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>