Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз бірнеше халықаралық марапатқа ие болды

05.12.2023

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның (ҚМГ, Компания) 2022 жылға арналған жылдық есебі бірнеше халықаралық беделді марапатқа ие болды:      

  • Corporate & Financial Awards (CFA, Ұлыбритания) байқауында ҚМГ «Шетел компаниясының үздік жылдық есебі» санатында бірінші орынды иеленді.

  • Мәскеу биржасы (MOEX) ҚазМұнайГазды жылдық есепте «Стратегия және инвестициялық тартымдылықты үздік ұсыну» номинациясы бойынша «алтынмен» марапаттады, сондай-ақ ҚМГ есебін 200 млрд рубль капиталы бар компаниялар арасында негізгі номинацияда үздіктердің қысқа тізіміне енгізді;

  • ARC Awards (Annual Report Competition, АҚШ) халықаралық байқауында мұнай-газ компаниялары ішінен ҚазМұнайГазға «Жылдық есептің үздік pdf нұсқасы» санатындағы «Honors» айрықша белгісі табысталды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бизнесті жүргізудің және барлық мүдделі тараптармен, соның ішінде инвестициялық қоғамдастықпен өзара қарым-қатынастың жоғары стандарттарына ұмтылады. Жылдық есеп — Компанияның басты коммуникациялық құралы. Құжатта компания қызметінің елеулі аспектілері, есепті жылдағы жетістіктері айтылады, қызметтің стратегиялық бағыттары мен бизнестің әлеуеті белгіленеді.

«Былтыр ҚазМұнайГаз IPO-ға шығып, жария мәртебесіне ие болғаннан кейін компанияның Жылдық есебін дайындауға, оның қызметі туралы ақпаратты ашып көрсетуге қойылатын талаптар күшейе түсті. Қор биржалары ашықтыққа және жаңа сын-қатерлерге бейімделе отырып, есеп берудің одан да жоғары стандарттарын енгізуде. Компания, өз кезегінде, Жылдық есепті дайындау барысында жария компаниялардың үздік халықаралық тәжірибесін пайдалануға ұмтылады, бұл сарапшылар қауымдастығы тарапынан жоғары бағаланды», — деп атап өтті ҚМГ Қаржы департаментінің директоры Марат Диқанбаев.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>